Онлайн газет



Мерейлі мерекеге арналған салтанат

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Кеше Қазақстан  мәслихаттарының 20 жылдық мерекесіне орай, аудандық әл-Фараби атындағы  мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Еліміздің Әнұраны орындалды.  Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Үкібаев  мәслихат-жергілікті өкілді  орган екендігін, оның өткен тарихына шолу жасап, бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші шақырылым депутаттарының  атқарған еңбектеріне тоқталды. Бұдан соң  сөз алған  аудан әкімі М. Шүкеев  мәслихаттың тарихынан сөз қозғап,  халық қалаулыларын ел экономикасын  дамуына қосқан үлесін айтып, жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтады. Байзақ ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Т.Абдуалиев өз сөзінде аудандық мәслихаттың қалыптасу тарихынан сыр шертті, I,II,III шақырылым депутаттарының сіңірген еңбектеріне тоқтала келе, халық қалаулыларын құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Бұдан соң марапаттауларға кезек берілді. “Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл” мерекелік медалімен аудан әкімі М.Шүкеев,  Жамбыл облыстық мәслихаттың бірінші шақырылымының депутаты, еңбек ардагері Н.Рақышева, I,II,III шақырылымдардағы Байзақ аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Абдуалиев, II,III шақырылымдардағы Байзақ аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы Н.Есімов, аудандық мәслихат аппаратының басшысы И. Сәлімбаевтар марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары Министрлігінің “Экология саласының үздігі” төсбелгісімен  аудандық мәслихат депутаты Ж. Есенқұлов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің  “Құрметті  энергетик” төсбелгісімен  мәслихат депутаты  Р.Сәрсенов, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің “Еңбек сіңірген энергетик” төсбелгісімен   мәслихат депутаты  А.Жәмішжанов,  “Нұр Отан” партиясының Құрмет грамотасымен және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Алғыс хатымен  мәслихат депутаты Е.Есімов, ҚР Мұнай және газ Министрлігінің  Құрмет грамотасымен мәслихат депутаты Ш.Әшім, ҚР Көлік және коммуникациялар Министрлігінің Құрмет грамотасымен депутат А.Үкібаев,  ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен депутат С.Рәпілбеков,  ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен  депутат Н.Тлепов, Байзақ ауданы әкімінің Грамотасымен  аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаттары, еңбек ардагерлері  Ү. Қалиев және Б. Әбдірахманова,  аудан әкімінің Грамотасымен аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты, еңбек ардагері Н.Байжанова,  Байзақ ауданының Құрмет грамотасымен  аудандық мәслихаттың I шақырылымының депутаты, еңбек ардагері К.Екейбаева,  аудандық мәслихаттың II  шақырылымының депутаты, еңбек ардагері К. Қосымова,  аудандық мәслихаттың III шақырылымының депутаты А. Бекбауов  наградталды. Мұнымен қатар бірқатар  тұлғаларға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқандары үшін аудан әкімінің Грамотасы, “Нұр Отан” партиясы Жамбыл облыстық филиалының Грамотасы,  “Нұр Отан партиясы Байзақ аудандық филиалының Алғыс хаты және Байзақ ауданының Құрмет грамоталары  табысталды.
Мерейлі мереке иелерінің құрметіне әсем ән мен көркем биден шашу шашылды.

Обновлено 06.11.2014 11:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1340
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8753
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4660
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256329

Серіктестер