Онлайн газет



БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ ЕСЕП БЕРУДЕ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Ағымдағы жылғы 15 қазаннан бастап  «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары басталған болатын. Алдын ала белгіленген кестеге сәйкес, аталмыш есеп беру-сайлау жиналыстары  атап айтқанда,  «Базарбай», «Аймантөбе», «Жақаш», «Қарасу», «Ынтымақ», «Көкөзек» бастауыш партия ұйымдарында болып өтті. Жиналыстарға қатысу үшін партия аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері мен ауылдық округ әкімдері бекітілді. «Жақаш» бастауыш партия ұйымының жиналысына арнайы «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Қ.Төлеуов, партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов және Саяси кеңестің мүшесі С.Сыздықовтар қатысты.

Кестеге сай, алғашқылар қатарында есеп беру-сайлау жиналысы «Жақаш» бастауыш партия ұйымында өткізілді. Жиынға хатшылық етушілер сайланғаннан кейін, күн тәртібі таныстырылып, жұмыс регламенті бекітілді. Онда «Нұр Отан»  партиясы Байзақ аудандық филиалы «Жақаш» бастауыш партия ұйымы Бюросының  2012 жылдың қазаны мен 2014 жылдың қазаны аралығында атқарған жұмысы туралы бастауыш партия ұйымының төрағасы А.Әбішовтың баяндамасы тыңдалды.
Есепті кезеңде бастауыш партия ұйымы тарапынан «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттарын, мақсат-мүдделерін жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліпті. Атап айтқанда, 9 қоғамдық саяси, 6 әлеуметтік, 23 мәдени-көпшілік және т.б сарындағы шаралар «нұротандықтардың», сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізілген. Ал, 2013-2014 жылдары саяси ұйымымыздың тұғырлы бағдарламалық құжаттары қабылданып, қоғам талабы ескеріле отырып, партиялық жобалар форматында негізгі жұмыс бағыттары айқындалған.
-«Нұр Отан» партиясы үшін қоғамның ортақ мүддесі басты басымдық екені баршаңызға аян. Төл ұйымымыздың XV құрылтайында қабылданған саяси Доктринамыз, міне, осы мақсатты жүзеге асырудың бірегей тетігіне айналып қана қоймай, Ұлт Көшбасшысы, Төрағамыз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі, еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағдарланған, жалпыұлттық деуге әбден лайық бағдарлама - «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын іске асырудың идеологиялық тірегі ретінде бекіді. Доктринада көрініс тапқан маңызды тараулар-Отанымызды өркендетудің, мызғымас мемлекеттілікті қалыптастырудың, бұлжымас рухани құндылықтарды қастерлеудің, дәріптеудің дара жолдары болатыны анық, тек оны іске асыруға жұдырықтай жұмылуымыздың қажеттілігі айтпаса да түсінікті-дей келе, баяндамашы партиялық бағдарламалар аясында атқарылып жатқан бірқатар іс-шараларға кеңінен тоқталып өтті. Олардың қатарында, «Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы арқылы ұрпақтар сабақтастығын, қоғамымызда қалыптасқан татулық құндылықтарын, дәстүрлерін одан әрі нығайту, аға буын өкілдеріне деген құрметті өрістету мақсатында «Әскери шеру» байқауы,  Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры А.Суханбаев ескерткішінің алдында ұйымдастырылған митинг, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жақсығұлов Иманқұл және Молдабаев Өнербаймен өткен кездесу, отбасылық институтты, имандылық, адамгершілік, руханиятты нығайтуға бағытталған «Бақытты отбасы» байқауы, ауылдық жерлердегі өмір сүру  сапасын арттыруға бағытталған «Біздің ауыл» тазалық маусымы, жекелеген әлеуметтік топтармен жұмыс, жастарды топтастыру, бизнес қауымдастықпен жұмыстар бар.
Сондай-ақ жиын барысында күн тәртібіне шығарылған «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы «Жақаш»  бастауыш партия ұйымы Бюросының мүшелерін, бастауыш партия ұйымының төрағасын және орынбасарын, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының  ХV есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды. Жиналыс соңында күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып болған соң, бірқатар партия мүшелеріне салтанатты түрде жаңа үлгідегі партиялық куәліктер табысталды.
Осындай күн тәртібіндегі мәселелер қаралған жиындар осы күні «Базарбай» бастауыш партия ұйымында (төрағасы Абылай Смайлов), «Аймантөбе» бастауыш партия ұйымында (төрағасы Талмат Қасымов),  «Қарасу» бастауыш партия ұйымында (төрағасы Тұрсынбеков Жансерік) өткізілсе, 16 қазан күні «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымында (төрайымы Замира Панапова) және «Көкөзек» бастауыш партия ұйымында (төрағасы Есен Амирханов) ұйымдастырылды.  
Есеп беру-сайлау жиналыстарына «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері қатысып отырды.

Обновлено 06.11.2014 11:20
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1208
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8621
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4528
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256197

Серіктестер