Онлайн газет



ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕГЕ АРНАЛДЫ

Рухани келісім күніне орай, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен орталық кітахана қызметкерлерінің  ұйытқы болуымен “Рухани келісім- баршамызға ортақ іс“  атты тақырыпта  дөңгелек үстел  өтті. Оны аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Махамбетов ашып, Рухани келісім күнінің шығу тарихына қысқаша тоқталып, ұлтаралық татулық пен рухани келісім-біздің басты темірқазығымыз болып табылатындығын айтты.  Кітапханашы Ж. Рахманқұл   аталмыш  күнінің шығу тарихы туралы баяндама жасады. Бәйтерек ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы А. Мамытқұлұлы ел бірлігінің  негізі бірлікте, татулықта екендігін, елімізде сан ұлт өкілдері  ынтымақта өмір сүріп жатқандығын сөз етсе, түрік мәдени орталығының жетекшісі М.Мусаев  қазақ халқының қонақжайлығын айта келе, өткен ғасырда  түріктердің  туған  жерінен еріксіз қоныс аударылғандығын, қазақ халқының өзге ұлт өкілдеріне  құшағын ашып, бауырына басқандығын әңгімеледі. “Байзақ баба” мешітінің бас имамы Р. Азизов,  Сарыкемер орта мектебі  “Дінтану” пәнінің мұғалімі Д. Абдраимова, Сарыкемер ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы С. Ермеков,  Ғ. Мұратбаев мектеп гимназиясы директорының құқықтық тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары С.Өсеров, Аймантөбе ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Ж.Үсенов, ардагер Ж. Куляшов Елбасының салиқалы саясатының арқасында еліміздегі салтанат құрған қоғамдық келісім мен бірлікті,  рухани келісімнің маңызын айтып, өздерінің ойларымен бөлісті.
Алқалы жиынды аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М. Махамбетов қорытты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 06.11.2014 11:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін433
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7846
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3753
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255422

Серіктестер