Онлайн газет



Рухани келісім - береке бастауы

Ғ.Қазанбасов,
ЖД 158/5 мекемесінің әділет майоры.

Рухани келісім күні- елімізде тұрып жатқан сан ұлт өкілдерінің бірлігін, ынтымағын, ауызбіршілігін ұлықтайтын айрықша мереке саналады. Тарих беттерін парақтасақ 1992-ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өтіпті. Конгреске қатысушылар қазанның 18-ін Рухани келісім күні - қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні  деп жариялауға шақырған манифест қабылдаған екен. Содан бері бұл күн-Қазақстандағы әлеуметтік маңызды күндердің бірі саналып келеді. 1995 жылы ЮНЕСКО Қазақстанның тәжірибесін ескере отырып, толеранттық қағидаларының Декларациясын қабылдады. Бүгінде рухани келісім күнін Еуропаның көптеген елдері, сондай-ақ Ресей мен Үндістан мерекелейді.
Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Қоғамдағы келісім, бірліктің арқасында  қазақ елін әлем таныды,  өзіндік даму жолына түсті.Елімізде тұрып жатқан Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын түрлі ұлт өкілдерінің конфессияаралық және мәдени келісімін, достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған жүйелі саясатымыздың  нәтижесінде еліміздің бағындырған биіктері аз емес. Әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрғындардың, ұлттық және діни ұстанымдардың түрлілігіне қарамастан барлық азаматтардың тең құқылығы мен еркін дамуын негізге алғандығы баршаға аян. Сонымен қатар  Елбасының  бастамасымен  Астана қаласында  үш жыл сайын өтетін  әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі- дін бостандығы мен басқа дін өкілдерін сыйлау, дінаралық татулықты ұлықтайтын,  ұлтаралық қатынастарды нығайту, ұлттық мәдениетті дамытудың маңызын ұқтырып келе жатқан жиын. Сондықтан  Рухани келісім күні барша қазақстандықтар үшін  маңызы зор, ерекше күн ретінде  тарихта қалатын болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін395
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7808
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3715
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255384

Серіктестер