Онлайн газет



АРДАГЕРДІ ҚҰРМЕТТЕДІ

19 қазан-Төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орай, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 Өрт сөндіру бөлімінің ұйытқы болуымен  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің 8-сынып оқушылары  осы салада ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагер Әзімхан Зәуірбекұлымен кездесті.
Жүздесуді Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 Өрт сөндіру бөлімі ұжымы атынан осы ұжымның басшылары, өртке қарсы қызмет подполковнигі Е.Мырзакулов  ашып,  ардагер ағаның өмір жолына тоқталып, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.
«Еңбек ардагері» медалімен,  «За отличную службу в МВД» «Лучшему работнику пожарной охраны МВД КазСССР»  «Отличник гражданской обороны СССР» төсбелгілермен иегері, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Әзімхан ағаның іскер басшымен қатар,  нағыз жастар тәлімгері болғандығы туралы №8 ӨСБ бастығы, өртке қарсы қызмет полковнигі Ж.Нығметов оқушыларға  айтып берді.  Осы саланың ардагері Әзімхан аға жас ұрпаққа Төтенше жағдайлар қызметінің жалпы қызмет барысы жайлы әңгімеледі. Бұдан соң аталмыш мектептің оқушылары  қазір қолданып жүрген  жаңа  өрт сөндіру техникалары мен өрт техникалық құралдарымен танысты, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды.
Жүздесу  соңында ардагер аға өзін құрметтеген әріптестеріне және жас ұрпақтарға алғысын айтып, батасын берді.

Өз тілшіміз.


Обновлено 06.11.2014 11:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1004
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8417
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4324
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255993

Серіктестер