Онлайн газет



Жан жылуын сездірді

Сәбидің бір күлкісі, бір сәткі шаттығының өзі жүрегі бар адам үшін бағалы. Бала бақытының кемімей, бағы одан сайын еселене берсе деген есті тілеу кімде жоқ дегің келеді? Әрине, түтіні түзу отбасында өсіп келе жатқан ден саулығы жақсы баланың өмірінен өзекті мәселе біліне қоймасы анық. Ал, саулығы төмен мүмкіндігі шектеулі балаларға жан жылуы мен мейірім сездіру, қоғамдаса  қолдаушылық көрсету иманы қалыптасқан кісілерге парыз іс болса керек.
Қазанның екінші аптасының соңындағы мүгедектер күніне орай, тараздық кәсіпкер азамат Ерік Тұраповтың демеушілігімен Мырзатай ауылдық округіне қарасты мүмкіндігі шектеулі 7 балаға мерекелік сый тапсырылған болатын. Ауыл әкімі Нұрахан Абдуалиевтің өзі бас боп, денсаулығы төмен балаларға қамқорлық көрсетіп жүрген әлеуметтік қызметкерлерЖұлдыз Көшкінбаева мен Жамал Нарбатырованың бірлесе аралауымен тағдыр талқысына түскен сәбилерге түрлі ойыншықтарды сыйлау қайырымдылық ісі мейлінше көңілдегідей атқарылды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен сұхбаттасу үстінде ауыл әкімі Нұрахан Бегаділұлы бұл жарым көңіл балалардың тағдыры кім-кімді де бей-жай қалдырмайтынын, алдағы уақыттарда денсаулығын қарату тағы басқа жақсылықтар жасау жағынан болсын үкімет тарапынан жеңілдіктер бола беретінін айта келе, отбастарына амандық,  қуаныш тілейтінін білдірді. Жүрекке жылылық, жанға шуақ сыйлаған осы  сәттің әсерінде мүмкіндігі шектеулі балалар Ескермес Маржанның анасы Сандуғаш Жотабаева, Бақтияров Мұхтардың әкесі Еженбаев Тоқтарбек те қажетті шаруаны жүзеге асыра келген қайырымды топқа шын ниеттен сәбилерінің жабығыңқы көңілдеріне демеу бергені үшін алғыстарын айтты. Қайырымды істің қайтарымы бар дейді халық, Алла ризалығына  лайық азаматтар арамызда көбейе берсін ағайын.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1110
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8523
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4430
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256099

Серіктестер