Онлайн газет



Дамира жүлдемен оралды

Қазіргі уақыт  білім қуып, ғылымды меңгеріп, ел игілігіне жарататын кез. Бүгінгі таңда  кез келген  мектеп қабырғасында жүріп,  ғылыми жұмыстармен шұғылданып,  табыстарға жетіп жатқан оқушылар аз емес. Жақында Қазақстанның 40 жылдығы мектебінің 5 «г» сынып  оқушысы  Дамира Алданбек Шымкент қаласында өткен ғылыми танымдық конференциясына қатысып,   жүлдемен оралды.  Дамираның   «Үй және мектеп бөлмесін көгалдандыру» тақырыбында жазған ғылыми жұмысында мектеп және үйде өсірілетін  гүлдің пайдалылығы, олардың көркемдігі, адам ағзасына пайдасы,  жағымды және жағымсыз жақтары  кеңінен сарапталған екен. Оңтүстік Қазақстан және Тараз қаласынан келген  талантты оқушылар арасынан Дамира «Өмір және ғылым» атты V оқушылар ғылыми танымдық конференциясындағы  ғылыми баяндамасы үшін бірінші орынды иеленіп, арнайы  Диплом және  сыйлықпен марапатталыпты.
Олай болса, жүлдегер қыздың  сынып жетекшісі Мөлдір Тұрсынбаева,  ғылыми жетекшісі Айгүл Нұрманованың  еңбегі ақталды деген осы емес пе?  Дүбірлі додада ауданымыздың намысын қорғаған   қызымызға  бұдан былай да  шығармашылық табыстар тілейміз.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1314
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада8727
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда4634
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256303

Серіктестер