Онлайн газет



Соғыс ардагерін ардақтады

М.Шалғынбай,
“Ауыл жаңалығы”.

Ұлы Отан соғысының ардагерлерін ардақтап, құрметтеу-бүгінгі ұрпақтың  парызы болып саналады. Кеше  «Нұр Отан» партиясы Байзақ  аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында соғыс ардагері Мәдібек Мақұлбековпен кездесу өткізілді. Онда “Нұр Отан” партиясы  аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тілепов соғыс ардагерінің өткен өмірі жастарға өнеге екендігін айта келе, партия атынан сый-сияпат тарту етті. Кездесу барысында Түймекент ауылдық округінің әкімі Б.Алсейтов, ауылдық  ардагерлер алқасының төрағасы Л.Қалабаев, ауыл қариялары және С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директоры Е.Әбілдаевтар ардагерлерді ұлықтаудың бүгінгі таңда маңыздылығын әңгімеледі. Аудандық партия филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Ә.Мырзабеков бастаған жасотандықтар  ардагер үйінің ауласын тазалап, бірқатар жұмыстарға қолғабыс жасады.
Өз кезегінде соғыс ардагері өзін құрметтеген  азаматтар мен жасотандықтарға алғысын айтып, аталық ақ батасын берді.

Обновлено 06.11.2014 10:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1910
mod_vvisit_counterКеше3682
mod_vvisit_counterОсы аптада1910
mod_vvisit_counterӨткен аптада20716
mod_vvisit_counterОсы айда20085
mod_vvisit_counterӨткен айда74050
mod_vvisit_counterБәрі3261842

Серіктестер