ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНДАРЫ ЖАЛҒАСУДА |
М.Манекеев. «Ауыл жаңалығы».
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалының ұйымдастыруы-мен филиалға қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстары басталып кеткендігінен оқырман қауым құлағдар.
Бекітілген кестеге сәйкес осындай кезекті есеп беру – сайлау жиналысы Сарыкемер ауылдық округіндегі «Дана» бастауыш партия ұйымында өткізілді. Аталмыш жиынға «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бастығы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі С.Құрманбекова және бастауыш партия ұйымының мүшелері қатысты. Жиынды «Дана» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ш.Толкумбекова ашып, төрт мәселе қаралды. Атап айтқанда, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Дана» бастауыш партия ұйымының 2011 жылдың қаңтары мен 2012 жылдың қазаны аралығында партияның бағдарламалық құжаттары мен съезд шешімдерін іске асыруда атқарған жұмыстары туралы есебі, бастауыш партия ұйымының бюро мүшелері мен төрайымын сайлау, сондай-ақ «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалының ХІ есеп беру –сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды. Аталмыш жиын партия әнұранымен ашылған соң, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Дана» бастауыш партия ұйымының төрайымы Шолпан Мамбетбайқызы баяндама жасады. Ол өз баяндамасында бастауыш партия ұйымының екі жылда атқарған жұмыстары туралы есеп берді. «Нұр Отан» партиясының ықпалымен мұнда да ауқымды істер атқарылған. Қазіргі таңда аудандық аурухана мен емхана, аудандық туберкулезге қарсы аурухана, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және ауылдық дәрігерлік амбулаториялар, медициналық тіректер сынды құрылымдық бөлімшелерден құралған «Дана» бастауыш партия ұйымының 401 мүшесі бар. Олардың ішінде 345-і қазақ, 18-і орыс, 38-і түрік ұлтының өкілдері болса, 102-сінің білімі жоғары, 251-інің білімі орта, 48-і кіші медбикелер. Негізінен медицина саласының қызметкерлерін құрайтын бастауыш партия ұйымында сапалық құрам да жыл өткен сайын жақсаруда. Есепті кезең аралығында бастауыш ұйымда тоғыз мәрте бюро отырысы өткізілген. Сондай-ақ бекітілген жылдық іс-шара жоспарына сәйкес түрлі деңгейдегі атап айтқанда, Елбасы Жолдауын насихаттау, партия күніне орай ашық есік күнін өткізу, мерекелік іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, басқосулар, цехтық бастауыш партия ұйымдарының есепті жиындары өткізілген. Сонымен бірге осы аралықта бастауыш партия ұйымы партиялық басылымдарға жазылу науқанында, жарна төлеуде, еліміздегі саяси науқанда өз белсенділіктерімен өзгелерге үлгі болған. Осы кезеңде партия мүшелерінің қатары 28 адамға толыққан. «Дана» бастауыш партия ұйымы аясында «Жас Отан» жастар қанатының бастауыш бөлімшесі құрылған. 16 мен 29 жас аралығын қамтыған жасотандықтар патриотизм, адамгершілік, имандылық, құқықтық, эстетикалық, кәсіптік, тіл мәселелеріне және нашақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысында көптеген шаралар ұйымдастырған. Бұдан өзге баяндамашы өз сөзінде бастауыш партия ұйымының қол жеткізген жетістіктері мен болашақтағы мақсаттары туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ана мен бала денсаулығы, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылып отырған ауқымды жұмыстар, жергілікті жердегі өзін-өзі басқаруды дамыту, сонымен бірге қазіргі таңдағы ең көкейкесті деген мәселелер төңірегінде ой қозғады. Баяндама аяқталысымен аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г.Мамырбаева, бас дәрігердің эксперт жұмысы жөніндегі орынбасары С.Құсбеков, дәрігер-гинеколог, жас маман С.Халықовтар жарыссөзге шығып, Ш.Толкумбекованың жасаған баяндамасын талқыға салды. Баяндама бойынша атқарылған ауқымды оң істерге қанағаттанарлық деген баға берді. Күн тәртібіндегі басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар айтылып, қаулылар қабылданды. Бастауыш партия ұйымының бюро мүшелігіне жеті адам бекітіліп, аудандық филиалдың ХІ есеп беру – сайлау конференциясына он жеті адам делегат болып сайланды. Сонымен қатар, жиын барысында оған қатысушылар бірауыздан «Дана» бастауыш партия ұйымының төрайымы етіп партия мүшесі Шолпан Толкумбекованы сайлады. |
Обновлено 27.10.2012 16:09 |
Халыққа жолдау
ЖАРНАМА








![]() | Бүгін | 200 |
![]() | Кеше | 1640 |
![]() | Осы аптада | 3354 |
![]() | Өткен аптада | 10582 |
![]() | Осы айда | 33494 |
![]() | Өткен айда | 45108 |
![]() | Бәрі | 2824700 |