Онлайн газет



Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру-біздің басты мақсатымыз

Г.Ахметова,
Халыққа қызмет көрсету орталығы Байзақ аудандық бөлімінің инспекторы.

Елбасымыздың  биылғы жылғы халыққа жолдауына сәйкес, мемлекеттік қызмет түрлері бойынша мәліметтер алуға ыңғайлы, әрі тыныш, байланыс жүйелерін қайта құру жұмыстары, азаматтарды құжаттандыруда халыққа қызмет көрсету орталығындағы ұзын-сонар кезектер үшін кезекке тұруды Саll-орталығы немесе Интернет жүйесі арқылы брондау жүйесі енгізіліп, халыққа көрсетілетін қызмет түрлері көбейді.
Call-орталығы Республиканың барлық аумағында барлық абоненттер үшін тегін болып табылатын бірыңғай1414 нөміріне, қазіргі таңда қоғамның дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу және сөзбұйдалықтың алдын алу  шаралары да  міне, - осы  халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолға алынып отырған мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда тұрғындарға интернет арқылы үйде отырып та онлайн жүйесінде құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бұл халықты құжатбастылықтан айырып, уақыт тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері, Мұнайлы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында  халыққа сапалы қызмет көрсету мақсатында тұтынушылармен, уәкілетті органдар, Нұр Отан ХДП, аудандық прокуратура өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, алдын алу және  терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша  дөңгелек  үстелдер, семинарлар ұйымдастырылды.
Аталған тақырыптың өзекті мәселелерін анықтаумен қатар, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны, сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларының талаптарын сақтау шараларын жүзеге асыру жолында, сонымен қатар лаңкестік және экстремистік жағдайлар орын алған кезде азаматтардың қауіпсіздігін қамсыздандыру, алдын алу, оны болдырмау бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша, өзара тығыз ынтымақтастық пен әрекеттестіктің болу мақсатында өткізілді.
Жиналысқа қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен пікір алмасты.
Халыққа  тиімді, әрі сапалы  қызмет жүргізу – біздің басты мақсатымыз!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1944
mod_vvisit_counterКеше1658
mod_vvisit_counterОсы аптада1944
mod_vvisit_counterӨткен аптада13911
mod_vvisit_counterОсы айда29084
mod_vvisit_counterӨткен айда37584
mod_vvisit_counterБәрі2468266

Серіктестер