«Нұр Отан» партиясы-қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын, өзіндік бет-бейнесі мен саяси ұстанымы орныққан еліміздегі жетекші саяси ұйым. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауында «Нұр Отан» партиясына басымдық беріп,
қоғам тынысындағы қайбір мәселе болмасын партияның араласуына жол ашып келеді. Бұл туралы ел Президенті “ XXІ ғасырда мемлекет пен саяси көшбасшылықтың рөлі бұрынғыдан да салмақты бола түсті. «Нұр Отан» партиясы – басым шешімдерді іске асыруға қабілетті, күшті саяси ерік-жігердің қуатты көзі, елді дамытудың ірілендіруші секторы, – деп атап өткен болатын. Сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының кезекті XV есеп беру-сайлау конференциясы қарсаңында бастауыш партия ұйымдарында өткізілетін есеп беру-сайлау жиналыстары туралы семинар-тренинг болып өтті. Семинар-тренингтің басты мақсаты -БПҰ-ның төрағаларына жиналыстардың өткізілу тәртібі, жиналыс құжаттарының дұрыс рәсімделуін түсіндіру болатын.Алқалы жиынды “Нұр Отан” партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н. Тлепов ашып, өткізіліп отырған шараның мән-мақсатына тоқталды. Алғашқы сөзді “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес Бюро мүшесі Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы алып, партия бастауыш ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары 5 қарашаға дейін созылатындығын, 15 қарашаға дейін партия Тараз қалалық және аудандық филиалдарының конференциялары өтетіндігін, 30 қарашаға дейінгі мерзімде партия облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясын өткізу көзделіп отырғандығын, БПҰ төрағаларына жиналыстардың жүргізілу тәртібі, хаттамасы, шешімдерінің үлгілерін көрсетіп, қалай жазылу керектігін түсіндірді. Бұдан соң сөз алған Нұржан Сейдезімұлы БПҰ төрағалары мен ауылдық округ әкімдеріне жиналыс кестесі мен аудандық конференцияға сайланатын делегаттардың өкілдік нормасы, БПҰ-да Бюро мүшелері қандай кезде сайланатыны туралы айтып өтті. Семинар-тренинг барысында БПҰ төрағалары өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиналысқа негізінен БПҰ төрағалары мен жаңадан сайланатын үміткерлер, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары қатысты.
Өз тілшіміз. |
Обновлено 06.11.2014 10:24 |