Т. Папиев. аудандық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы.
Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің кезекті аймақтық семинар – кеңесі Сазтерек ауыл округінде өтті. Оған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Маханбетов, Жалғызтөбе, Мырзатай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағалары, алқа мүшелері, тұрақты комиссия мүшелері, бастауыш
және цехтың ұйым төрағалары қатысты. Алқалы жиын басталар алдында Отан үшін қан төгіп, елге оралмай, сұрапыл майданда шейт болған боздақтардың әруағына бағышталып құран оқылды. Содан кейін семинар өз жұмысын бастады. Бұл жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметұлы ашып, семинардың маңызы мен күн тәртібін түсіндірді. Бұдан соң сөз алған Сазтерек ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Т.Мәтқұлов өзінің баяндамасында жастар тәрбиесіне, соғыс және еңбек ардагерлері үшін үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қамқорлықтар туралы әңгімелей келе, ауылдық ардагерлер алқасының құрамына, 7 адамнан тұратын алқа мүшелері, 3 тұрақты комиссияның өз дәрежесінде жұмыс атқарып жатқандығын, ауыл жастарымен ардагерлер алқасының тығыз бірлігін сөз етті. Жастармен жұмыс барысында Елбасының ұстанған саясатын кеңінен насихаттау, Жеңістің 70 жылдығына дайындық шаралары туралы да әңгіме қозғалды. Мырзатай ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы А.Әлімбаев жастар тәрбиесі жөнінде ойын ортаға салды.Мырзатай, Дихан, Еңбек ауылдарында 3319 адам тұратындығы, ардагерлер алқасы мектеппен, балалар бақшасымен тығыз бірлікте жұмыс жасайтындығы, жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу барысында атқарылған істер баяндалды. Сол сияқты Жалғызтөбе ауылдық округі ардагерлер алқасының төрағасы М.Сайлаубеков Жеңістің 70 жылдығын лайықты қарсы алу қарсаңында ауыл әкімімен бірлесіп, іс-шаралар жасалғандығын, күзгі көгалдандыру, көгеріштендіру айлығына байланысты көше тазалығы, мектеп айналасы, соғыс және еңбек ардагерлеріне орнатылған ескерткіштерді күтіп ұстау, тұрмысы төмен отбастарына көрсетілетін көмек жөнінде айтып өтті. Ауыл әкімі О. Бақдәулетов те өзінің пікірін ортаға салды. Жиынды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметұлы қорытындылап, алда тұрған келелі істерді бірге атқарғанда ғана жетістікке жетуге болатындығын баса айтты.
* * * Осындай жиын Ботамойнақ, Бәйтерек, Сарыкемер ауылдық округтерінде өткерілді.Бұл шараны аудан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.Беспаев кіріспе сөзбен ашты. Ботамойнақ ауылдық ардагерлер алқасының төраға орынбасары А. Бозғұлов Үшбұлақ, Ботамойнақ, Байзақ елді мекендерінде 926 үйде 5430 адам тұратындығын, мұнда 23 тыл еңбек ардагерлері, Ұлы Отан соғысына теңестірілген 1 адам, ауған соғысының ардагерлері 6 адам, Чернобыль апатына қатысқан 1 адам барлығын өз баяндамасына арқау етті. Осы күнге дейін ардагерлер алқасына 27 ауызша, 3 жазбаша арыздар түскендігін, оған жауап берілгендігін сөз етті. Жарыссөзге Сарыкемер және Бәйтерек ауылдық ардагерлер алқасының төрағалары С.Ермеков пен А.Мамытқұлов шығып, жастармен тәрбиені жандандыру бағытындағы ойларымен бөлісті. Алқады жиын барысында оған қатысушылар күзгі көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығында ардагерлер қауымының мұрындық болуымен өткеріліп жатқан сенбіліктер, жастарды туған жердің табиғатын күту, қамқор болу, аудан орталығындағы саябақты тазалап, ағаш отырғызу қажеттігі сөз болды. Ботамойнақ ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Р.Ысқақов көтерілген мәселелер бойынша пікірін білдіріп, жастармен жұмыс-маңызды шаруа екендігін әңгімеледі. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Маханбетов өткерілп жатқан семинардың маңызын, берер пайдасын айтып өтті. Семинарды К.Беспаев қорытты.
|