Құт пен береке қатар қонған қасиетті Байзақ өңірі-батырлар мен ақындардың спортшылардың мекені. Осы бір өлкенің абыройын асқақтатып, мәртебесін өсірген грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, бокстан Атланта және Сидней Олимпиадаларының күміс жүлдегері, әлем кубогінің иегері Болат Жұмаділов, Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері Болат Ниязымбетов, самбошы Еуропа чемпионы, Америка Құрама Штатындағы самбо күресінің бапкері Алмас Мұсабеков, футбол шеберлері Нүркен Мазбаев пен Азамат Ниязымбетовтерді аудан халқы әрдайым
мақтан тұтады. Бүгінгі таңда осындай өр тұлғалы спортшылардың ізбасарларының бірі- Гузалия Гафурова десек қателеспейміз. Жақында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ХУІІ жазғы Азия ойындарында каратэ-додан қарсыластарын шаң қаптырып, жеңіске жеткен Гузалия Гафурова Азия чемпионы атанды.Осылайша ауданымыздың ғана емес, еліміздің мәртебесін биіктеткен спортшы қызымыз нәзіктігіне қарамастан спорттың осы бір түрін терең меңгеріп, талмай ізденіп, тер төгуінің арқасында жеңіс тұғырынан көрінді.Олай болса, жүлдегер қызымызды жеңісімен құттықтай отырып, болашақта тек биік шыңдарды бағындыра бер демекпіз.
|
Обновлено 06.11.2014 10:01 |