Онлайн газет



Ізденіс алға жетелейді

Ө. Алданбекова,
директордың  оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары.

Мұғалім – мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Білім берудегі жаңа тәсілдердің орасан зор мәні бар. Біз оқушылармен қарым қатынасқа түсе отырып, үйрене жүріп үйретеміз, үйрете жүріп үйренеміз. Тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдауын шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғысы келсе, өздерінің де жаңашыл идеяға көңіл көкжиегін ашуы керек.
Дәстүрлі оқыту барысында сыныпта барлық жағдайды мұғалім басқарып, оқушының әңгімеге араласуына мүмкіндік бермейтін. Бұл дегеніміз, барлық жаңалықты біз дайындап беріп, оқушының өз тарапынан ойлануына мүмкіндік бермегеніміз. Тек оқытудың пассив түрінің орын алуы. Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана жетектеп, ал ынтасы төмен оқушылар туралы ұмытып кеткенбіз.
«Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалімге қандай өзгеріс енгізуге болады?» деген сұрақ аясында аудан орталығындағы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде директор Г.Есентаеваның басшылығымен көптеген жұмыстар жасалуда.
Қазіргі білім беру саласының алдында тұрған басты проблема – жаңа формациядағы жаңа ұстазды қалыптастыру. 1 қыркүйек-Білім күні мерекесіне орай мектеп оқушыларын аудан әкімі М.Шүкеев келіп құттықтады. Осы күні 4-сынып оқушысы В.Құдайберген аудан әкімімен сұхбат жүргізді.
Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігін арттыру курстарына 21 мұғалім барып оқып, сертификат алып келді. Осының нәтижесінде күнделікті мектеп өмірінде бірнеше жаңалықтар болуда. Ең әуелі ұстаздар арасында «Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз» тақырыбында эссе жазылып, кітап болып бастырылды. Сонымен қатар ұстаздардың біліктілігін арттыру курстарында оқып келген мұғалімдер күнделікті ашық сабақтарын көрсетуде. Бастауыш сынып мұғалімі Досжанова Айнур, Төлепбергенова Алтын, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сүгірбекова Үміт, Қуанова Арманай, математика пәнінің мұғалімдері Қонарбаева Дамира, Нұрмағанбетова Орынкүл, орыс тілі пәнінің мұғалімі Қалиева Меруерт, Ахметова Аманкүл сынды ұстаздар өз білімдерін ортаға салып, үлгі сабақтар мен коучингтер көрсетуде.
«Баланы тәрбиелеудегі 10 ереже» бағытында ата-аналармен коучинг болды. Ондағы негізгі мақсат-бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз ынтымақтастық орнату мақсатындағы Кембридж бағдарламасы негізін таныстыра келе «Рақмет, анашым!» видеоролигі көрсетілді. Кері байланыс жасалып, ата-аналар белсенді  қатысты. Бала біздің болашағымыз оны тәрбиелеуде «Айналайын» сөзінің 77 баламасын тауып, осы жайында өз ойларын ортаға салды. Мұнымен қатар  бағдарлама аясында оқушылар арасында флешмоб өткізіп тұру жолға қойылған. Сонымен қатар мектептің 10-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Олар жеке тұлға ретінде өз ойларын ортаға салды.
«Толық күнді мектебінде оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытудың педагогикалық шарттары» эксперимент алаңындағы халықаралық байқаудан 11 оқушы, республикалық байқаулардан 15 оқушы, облыстық байқаудан 8 жүлделі орындарды жеңіп алуы мектеп мақтанышына айналды.
Осы бағытта қазіргі қоғам талабына сай әрбір ұстаз «Қалай оқытсам, тиімді білім бере аламын?» деген сұрақ қойып, жұмыс атқаратын болса нәтижеге қол жеткізетіндігі айдан анық.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1082
mod_vvisit_counterКеше1566
mod_vvisit_counterОсы аптада2648
mod_vvisit_counterӨткен аптада10442
mod_vvisit_counterОсы айда19057
mod_vvisit_counterӨткен айда47003
mod_vvisit_counterБәрі2855632

Серіктестер