Онлайн газет



ҚАЖЫЛЫҚ - ҚАСИЕТТІ ПАРЫЗ

А.Қайыпназарқызы,
«Ауыл жаңалығы».

Тәуелсіздіктің туы желбіреп, тұрғындардың әл-ауқаты түзелген тұста тіліміз, дініміз қайта қалыпқа түсе бастады. Ана тілімізді ардақтауға арналған айтулы істерді айтпағанның өзінде, ислам дініне бетбұрушылардың саны

көбеймесе, азайған жоқ. Сөзімізге жер-жерлерде бой көтеріп жатқан Алла үйлері дәлел бола алады дейтін болсақ, сол мешіттерде ғибадат етушілердің қарасы күн санап көбейе түсуі ерекше қуанышқа бөлейді. Дінге деген құрмет әсіресе, жастар арасында жақсы көрсеткішке ие болуда. Мұсылмандықтың парыздары –намаз оқып, зекет беру, 30 күн оразаны қаза қылу халқымыз арасында дәстүрлі түрде орындалып жатса, ең соңғысы қажылыққа барушылардың саны да арта түсуде. 
«Қажылық» араб тілінен аударғанда «хаддж» - ислам дiнiнің бес негiзiнiң соңғысы. Яғни, қажылық, хаж жасау – мұсылманның бес парызының бірі. Оның парыздығы қасиеттi Құранда: «Алла үшiн Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресi, 97 аят), - деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: «Алла Тағаладан басқа тәңiр жоқ және Мұхаммед оның елшiсi» деп куәлiк ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан айында толық ораза ұстау, Байтуллаға қажылыққа бару», - делiнген.
Қажылық туралы, шариғат кiтаптарында:«Бас бостандығы бар, балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс, денi-басы сау адамға қажылыққа бару парыз» делiне отырып, «қажыға баратын жол қауiп-қатерсiз, оған азық-түлiгi, көлiгi немесе көлiк жалдауға қаражаты болуы керек екендiгi және үлкен сапарға аттанған кiсiнiң үйiнде қалған отбасы тарығып қалмайтындай нәпақамен қамтамасыз етiлуi де шарт», - деп көрсетiлген. Онда сонымен қатар, қажылықты - арнайы уақытта, яғни, қасиеттi рамазан айынан кейiнгi айдан бастап зүлхижжа айының 10-12 күндерiне дейiн арнайы мекенде,  Сауд Арабиясының Мекке қаласында табылып, арнайы бекiтiлген ихрамға кiру, Кағбаны жетi айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсiну ләзiм делінген.
Осы қасиетті парызды орындауға біздің ауданнан да бірнеше адам аттанып кетті. Аудандағы «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Азизов Рамиз Асимұлы бастаған топ  демеушілердің көмегімен «Қызмет Саяхат» туроператорының қызметі негізінде  бейсенбі күні Алматы–Стамбул-Джидда-Мадина-Мекке бағыты бойынша ұшаққа отырды. Орталық мешіттің наиб имамынан бөлек, қасиетті Қағбаға тәу ету үшін ауданнан жаны жомарт кісілердің қол ұшын беруімен Абай, Мырзатай, Қызыл жұлдыз, Ақжар мешіттерінің имамдары және өз қаражаттарымен барлығы 15-ке жуық азамат жолға шықты. Беделді азаматтардың көмегімен қажылыққа аттанғандар әрине, оларға осындай мүмкіншілік туғызғаны үшін шексіз алғыс айтады. Ал, біздің тарапымыздан, қасиетті қалаға аяқ басқан жандарға сәт-сапар тілейміз.

 

Обновлено 22.10.2012 18:48
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін36
mod_vvisit_counterКеше1640
mod_vvisit_counterОсы аптада3190
mod_vvisit_counterӨткен аптада10582
mod_vvisit_counterОсы айда33330
mod_vvisit_counterӨткен айда45108
mod_vvisit_counterБәрі2824536

Серіктестер