Онлайн газет



ҚОҚЫС - АРНАЙЫ ЖӘШІККЕ

Тазалық мәдениеті – ұлт мәдениеті. Тұрмыстық қалдықтарды тиісті орынға дұрыс тастау – әр азаматтың борышы. Бүгінде ауылымыздың, қаламыздың келбетіне көңіл бөлмей, тұрмыстық қалдықтарды жерге, арыққа, көше жиегіне тастай салу әдеті әлі де кездеседі. Ал бұл қарапайым әрекеттің артында үлкен зиян жатыр.
Қоқыстың зияны ұшан - теңіз. Біріншіден, қоқыс үйіндісі - түрлі аурулардың ошағы. Онда шыбын-шіркей, кеміргіштер көбейіп, ішек аурулары, гепатит, тыныс алу жолдарының ауруларын таратады. Екіншіден, пластик пакет, бөтелке 400 жылға дейін шірімейді. Топырақ пен суды улайды. 1 дана ғана батарея 20 шаршы метр жерді улы затпен ластайды. Үшіншіден, өртеніп жатқан қоқыстан бөлінетін улы түтін ауаға тарап, экологияға, балалар мен қарттардың денсаулығына зиян келтіреді. 
Дамыған елдерде адамдар көшеге бір қағаз тастауға да ұялады. Себебі онда “Тазалық мәдениеті” қалыптасқан. Біз де сол деңгейге жетуіміз керек.
Ол үшін әрбір ауылдың тұрғыны тұрмыстық қалдықтарды арнайы қапқа салып,  аузын мықтап байлап, қоқыстарды жинап алып кететін көлік келгенде ғана сыртқа шығаруды қолға алғаны абзал. Бос сусын бөтелкесін, жеп-ішкен тағамдардың сыртқы орамаларын кез келген жерге тастамай, арнайы қоқыс салатын жәшіктерге салуды әдетке айналдырғанымыз жөн. Батарея, ескі техника, пайдалану мерзімдері өткен дәрі-дәрмектерді  қоқыспен бірге тастамау қажеттігін, сондай-ақ күнделікті әрбір үйден шығатын тұрмыстық қалдықтарды бөлек-бөлек сұрыптап салуды әдетке айналдырайық.
“Тазалық – иманның жартысы” демекші, таза аулада, таза көшеде тұру әрқайсымыздың қолымызда. Бүгін сен тастамаған бір қағаз – ертеңгі таза ауылдың бастамасы.
Келешек ұрпаққа таза табиғат, таза ауыл қалдыру - біздің парызымыз.

Ақжарқын ҚУАНЫШБЕКОВА,
“Ауыл жаңалығы”.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1652
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1652
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда38095
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295353

Серіктестер