Онлайн газет



КҮН ТӘРТІБІНДЕ - ЕКІ МӘСЕЛЕ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Рүстем Қасымов ашып, жүргізіп отырды.
Алдымен балалардың қауіпсіз тасымалдануын ұйымдастыру, жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бағытталған алдын алу шаралары жөнінде  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Өскембекова баяндады.
-Байзақ ауданында білім бөліміне қарасты 69 мекеме жұмыс жасайды. Өткен оқу жылын 20 160 оқушы, атап айтқанда, 11-сыныпты-1221,  ал 9-сыныпты-1869 оқушы бітірді. 11-сыныпты бітірген түлектердің 385-і мемлекеттік грант иегерлері атанса,  9-сыныпты бітіруші 118 оқушы бүгінде колледждерге түсуге өтінім білдіріп отыр.
Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 1700-ге жуық бала қабылданды. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры есебінен 1836 оқушыға (66 600 теңгеден 122 277 600 теңге ата-аналардың есеп-шоттарына толығымен аударылды) бір реттік төлем аударылды. «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында 200-ге жуық балаға демеушілер есебінен көмек берілді,-дей келе Құралай  Әмреқұлқызы алдағы оқу жылында аудан бойынша 9 ауылдық округтен (Дихан, Сазтерек, Жаңатұрмыс, Мырзатай, Жалғызтөбе, Бәйтерек, Байзақ) 10 мектепке (Берікқара, Амангелді, Абай, Мырзатай, Жамбыл, Көктал, Н.Киікбаев, Сарыкемер гимназия-тірек мектебі, Гагарин, №7,)  тасымалдаумен барлығы 516 білім алушы қамтылғандығын атап өтті. Сонымен қатар ол оқушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының орындалуы, автобустардың техникалық жағдайы мен балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға екпін салды.


Бұдан соң «Байзақ ауданы аумағында орналасқан  білім орындарына іргелес жатқан автожолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігі  бойынша атқарылған іс-шаралар туралы» Байзақ АПБ ӘПБ аға инспекторы Асхат Рапилбек ақпарат берді. Кәмелетке толмағандар арасында орын алатын қылмыс пен құқықбұзушылықтардың және келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша Сазтерек ауылдық округінің әкімі Жұмабек Шайхиев қолға алынған жұмыстарға, ауыл аумағында жасөспірімдермен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты  туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныстар назарға алынды.
Алқалы жиынды қорытындылаған Рүстем Қалмұхамбетұлы жауапты мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейтіп,  анықталған мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 01.09.2026 10:50
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1467
mod_vvisit_counterКеше6400
mod_vvisit_counterОсы аптада1467
mod_vvisit_counterӨткен аптада22840
mod_vvisit_counterОсы айда37910
mod_vvisit_counterӨткен айда96777
mod_vvisit_counterБәрі4295168

Серіктестер