Онлайн газет



БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ЕСЕП БЕРДІ

Белгіленген мерзімде келісілген кесте бойынша бүгінде «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау

жиналыстары өткізіліп жатыр. Осындай жиын жуырда аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ұйымдастырылды. «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалының газ тарату бастауыш партия ұйымының есеп беру-сайлау жиналысына ауылдық округ әкімдері, партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракцияларының мүшелері, бірқатар аудандық мекеме, ауылдағы кәсіпорын басшылары шақырылып, «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов және «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңесінің бюро мүшесі Б.Егембердиева қатысып отырды.  Жиынға хатшылық етушілер сайланғаннан кейін, күн тәртібі таныстырылып, жұмыс регламенті бекітілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалы газ тарату бастауыш партия ұйымының 2011 жылдың қаңтар айымен 2012 жылдың 6 қазаны аралығында атқарған жұмыстары бойынша партия ұйымының төрағасы Н.Сұраншиев есеп берді. Онда ол, газ тарату бастауыш партия ұйымының мүшелері, ондағы топтар, жөнінде айтып,  атқарылған іс-шаралар және болашақта тындырар тірліктер туралы сөз қозғады.
Мұнан кейінгі кезеңдерде партия аудандық филиалы депуттаттық фракциясының мүшесі, «Балдырған» балабақшасының меңгерушісі Т.Кадимова, газ тарату БПҰ-ның бюро мүшесі, №3 кәсіптік колледждің директоры Ж.Молдашбаев пен партия мүшесі Е.Әбілдаевтар жарыссөзге шықты. Олар Елбасының үстіміздегі жылы халыққа арнаған Жасампаз Жолдауы және шілде айында жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасындағы басты мақсаттарға, өз салалары бойынша қол жеткізген жетістіктер жайында атап өтіп, бастауыш партия ұйымының төрағасы Н.Сұраншиевтің есебіне баға берді.
Есеп беру жиынында сонымен қатар, ауданға арнайы ат басын тіреген «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы саяси кеңесінің бюро мүшесі Б.Егембердиева сөз сөйлеп, партия көшбасшысы, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұстанып отырған саясаты, партияның беделі, оны жаңа деңгейге көтеру, бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында жасалып жатқан жұмыстар, кәсіптік білім беруде дуальді жүйеге көшу жайында егжей-тегжейлі атап өтті.
Мұнан соң кезең-кезеңімен күн тәртіндегі өзге де мәселелер талқыға салынды. Газ тарату бастауыш партия ұйымының бюро мүшелері, төрағасы және партия Байзақ аудандық филиалының ХІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланып, тиісінше шешімдер шығарылды.

 

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 22.10.2012 18:08
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін200
mod_vvisit_counterКеше1296
mod_vvisit_counterОсы аптада1496
mod_vvisit_counterӨткен аптада10005
mod_vvisit_counterОсы айда19785
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2946800

Серіктестер