Онлайн газет



ТҰРҒЫНДАР ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ЖЕТКІЗДІ

ҚР  Президентінің  2022 жылғы 3 наурыздағы  №826 Жарлығына сәйкес  аудан әкімі  Олжас  Баққараев Көктал және Мырзатай ауылдық округіне қарасты  Дихан-2 ауылы тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп,   аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Содан соң ауылдық округ әкімдері Серік Қайпулдаев пен Асхат Оспаналиев өз ауылдарындағы  ағымдағы жылы атқарылған  жұмыстар, ауылды көркейту,  инфрақұрылымды жақсарту және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарынан  қысқаша  ақпарат беріп өтті.
Аудан әкімі халық көкейінде жүрген өзекті  мәселелерді тыңдап,  сұрақ-жауапқа көшті.
Көктал аулында бірінші болып сөз алған ауыл тұрғыны Серік Үсеманқұлов  ауылдағы  орталық саябақты абаттандыру жұмыстарын жүргізу және Ұлы дала көшесі бойына жаяу жүргіншілер жолын салуды сұрады.  Келесі тұрғын Айжамал Елеусизова қант диабеті диагнозы бойынша бірреттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, Арал қаласы экономикалық апат аймағындағы азаматтарға арналған әлеуметтік көмектеріне сәйкес, баласына кезектен тыс тұрғын үй салуға 10 соттық жер телімін беруді өтінді.
Қойылған сұрақтарға аудан әкімі заң талаптарына сай жауап берді.
Бірінші сұрақ  бойынша - орталық саябақты абаттандыру жұмыстары мен Ұлы дала көшесіне жаяу жүргіншілер жолын жүргізуді 2027 жылдың бюджеттік жоспарына енгізу үшін, сметалық құжаттарын әзірлеп, бюджеттік өтінім беруді ауыл әкіміне тапсырды.


Екінші сұрақ  - Арал экономикалық апат аймағына төленетін жәрдемақылар Арал аумағында жүргізіледі. Байзақ ауданы мәслихатының  шешіміне сәйкес бірреттік жәрдемақы қатерлі ісік пен туберкулез ауруларына төленетінін атап өтті. 
Жер мәселесі Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер кезегі арқылы жүргізілетіні,  кезектен тыс жер беру Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ғана берілу мүмкіндігі қарастырылғаны айтылып,  Көктал массив алқабы берілген жағдайда,  жер кезегіне сәйкес жүргізілетіні туралы түсіндірілді.
Жиын соңында аудан әкімі бірнеше азаматты жеке сұрақтарымен қабылдады.
Ал Дихан-2 ауылындағы  жиында округ ардагерлер кеңесінің  төрағасы Аманкелді Әлімбаев алдымен сөз алып,  ауылдағы ауыз судың сапасына қатысты мәселе көтерді.  Ауыз  судың сапасына көңілі толмайтынын айта келіп, бұған аудан басшысының назар аударуын сұранды.
Аталған мәселеге байланысты аудан әкімінің орынбасары Қ.Бүркіталиев Дихан-2 ауылына беріліп отырған ауыз су аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің зертханалық тексеруінен өткенін, қорытындысы бойынша ауыз су сапасының қолданыстағы талаптарға сәйкес келетінін жеткізді.  Сонымен қатар ауыз су беру жүйесін  жетілдіру мақсатында бір ай ішінде мердігер ұйым айқындалып, жүйеге бактерицидтік шамдар орнату жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Жиында ауыл түрғыны Жомарт  Жарқынбеков ауылдағы жүргізіліп жатқан  «Назарбек-2»  каналының аяқталу мерзімі туралы сұрады.  Сонымен қатар каналдағы  шлюз көлемінің тарлығы туралы да сұрап,  соның салдарынан судың басқа алқаптарға жетпей қалу қаупі барына тоқталды.
Аудан әкімі  Олжас Елебекұлы  каналдағы жөндеу жұмыстарымен айналысып жатқан мекемемен келісімшарт 2 жылға жасалғаны, аталған каналдың ауыл тұрғындарына  маңызы зор екендігін  айта келіп,  каналды жөндеу жұмыстарын жеделдетуге  сұраныс жасалатынын  айтты. Бұл ретте аталған мәселе бойынша Мырзатай ауылдық округі  әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық «Қазсушар» мекемесі, жұмыс жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылығы  және  «Назарбек-2»  каналы бойында  орналасқан  шаруа қожалықтары жетекшілерінің  қатысуымен жақын арада жиын ұйымдастырып, мәселені зерделеп, шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.

Бақшагүл  МАРАТҚЫЗЫ,
«Ауыл жаңалығы».
Көктал, Дихан-2 ауылдары.

Обновлено 04.08.2026 11:04
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1972
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1972
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36255
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196736

Серіктестер