Онлайн газет



“БЕЛСЕНДІ ҚАУЫМ - БЕРЕКЕЛІ АУЫЛ”

Осындай тақырыпта “Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі “Jambul civil hub“ байқауының жеңімпазы “Нұрбата-Ардагер” қоғамдық бірлестігі әлеуметтік тапсырыс аясында Үлгілі ауылында  іс-шара өткізді.
Айтулы іс-шараға республикалық “Қазақ аналары”-“Дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрайымы Гулфайруз Нұрабаева, аталған қоғамдық бірлестіктің мүшелері: ардагерлердің Тараз  қаласы бойынша білім саласының тұрақты мүшесі Несібелі Ералиева, облыстық “Асыл аналар” ансамблінің мүшелері

Күміс Рысбаева, Гүлсім Сариева, Баян Жалбиева және Үлгілі ауылдық округі аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Алдымен қонақтар  “Музей апа” атанған Әлимаш  Теміржанованың  үйінің жертөлесінен ашқан музейіне саяхат жасап, ХХ ғасырда күнделікті тұрмыста қолданылған  бұйымдарды  көріп, жастық шақтарымен қауышқандай болды. Көрмеге қойылған барлық жәдігерлердің тарихына Әлимаш Жәдігерқызы  егжей-тегжейлі  тоқталды.
-Музейге қойылған ата-бабадан қалған тұрмыстық бұйымдарды, яғни құнды жәдігерлердің әрқайсысы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарға деген құрметті,  ұлтына, халқына деген мақтаныш сезімін қалыптастыратындығы анық.  Ұлттық қолөнер мен көнекөз заттарды қадірлейтін Әлимаш апайдың игілікті ісін кеңінен насихаттауға және жаңа оқу жылында оқушылардың  музейге келіп, жан-жақты танысуларына ұйытқы болғанымыз абзал,- дей келе  Гулфайруз  Сәрсенқызы  өзінің бастамасымен “Ұрпақтың бақыты-ананың мейірімінде” атты облыс бойынша бесаспап аналар тірлігі туралы кітаптың бірінші топтамасы жарық көргендігін, аталған кітап оқырманның назарына ілігіп, жоғары баға алғандығын жеткізді.
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Шырын Қапарова сандық технология дамыған  жаһандану дәуірінде өскелең ұрпақтың туған жеріне,  халқының салт-дәстүріне, әдеп-ғұрпына деген мақтаныш сезімін  қалыптастыруда ұлттық құндылықтардың алатын орны үлкен екендігін, осы бағытта  аналар кеңесінің атқарып жатқан жұмыстарынан ақпарат беріп өтті.
Іс-шара барысында Үлгілі ауылдық округі аналар кеңесінің жұмысына жоғары баға беріліп, ақжаулықты аналардың белсенділігі, елге үлгі болатын бастамашылдықтары мен ауызбіршіліктерінің мығымдылығына алғыс айтылды.
Облыстық “Асыл аналар” ансамблінің орындауында халық әндері шырқалды.  Үлгілілік аналар да өнерлерін ортаға салып, жиынның көркін қыздыра түсті. Әсіресе “Нұрәлі” бөбекжай бақшасының бүлдіршіндері әуелете ән салып,  мың бұрала билеп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Ақжарқын ҚУАНЫШБЕКОВА,
“Ауыл жаңалығы”.
Үлгілі  ауылы.

Обновлено 04.08.2026 10:38
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1931
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1931
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36214
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196695

Серіктестер