Онлайн газет



АУЫЛ БАЛАЛАРЫ БАҚЫТҚА КЕНЕЛГЕН КҮН

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

«Балапан» бағдарламасының ауылдықтарға айтарлықтай қуаныш сыйлап жатқандығын бұдан бұрын да ауызға алған болатынбыз. Бұл аптаның басы тағы да жағымды жаңалықпен есте қалмақшы. Ауданымызға қарасты екі бірдей ауылда

шағын орталықтар ашылып, балалар көл-көсір бақытқа кенелді.
Көкбастау ауылындағы Амангелді орта мектебінің жанынан ашылған 25 орындық «Айшуақ» шағын орталығының мерекелік шарасында сөз сөйлеген аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы өз сөзін «Бала біздің –болашағымыз. Болашағын бүгін жасай алмаған елдің ертеңі де болмайды» деп бастап, ауданда «Балапан» бағдарламасы бойынша бой көтеріп, ел игілігіне беріліп жатқан балабақшалар туралы сөз қозғады. Ауылдықтарды қуаныштарымен құттықтады. Мұнан соң ауыл ақсақалы Қуанышбай Аюбаев сөз алып, елдімекендердің еңсесін тіктеуіне қамқорлық жасап жатқан ел ағаларына алғысын білдірсе, балғын балақайлар өз ризашылық-тарын өлең-тақпақтар айту арқылы жеткізді.
«Айшуақтың» ашылу салтанатында алқызыл лента қиылып, ақ жаулықты әжелер шашу шашқаннан кейін, аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы  бастаған қонақтар орталықтың ішін аралап көріп, оң бағаларын беріп жатты.
Бұл күні Дихан ауылдық округіндегі Жеңіс ауылында да ұлан-асыр той болды десек артық айтқандық болмас. Өйткені жеңістіктер 25 балаға арналған шағын орталыққа өз балаларын орналасты-рып жатты. Мұндағы шағын орталықтың ашылу салтанатына үлкен-кіші көптеп жиналыпты. Мұнда да аудан әкімі М.Шүкеев сөз сөйлеп, тұрғындардың қуанышымен ортақтасты. Ауылдың қазыналы қариясы Т.Мейрамбеков балаларға, жалпы, ауыл тұрғындарына көрсетіліп жатқан көмектерді тілге тиек етіп, халық атынан аталық ақ ниетін жеткізді. Қалыптасқан дәстүрге сай лента қию рәсімі өтіп, шашу шашылғаннан соң, барша жұрт жөндеуден өткен шағын орталықтың бөлмелерін көріп, тамашалады.
Қос ауылда өткен шағын орталықтардың ашылу салтанаттарындағы мерекелік думанды аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары және балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырды.

Обновлено 17.10.2012 18:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін34
mod_vvisit_counterКеше1480
mod_vvisit_counterОсы аптада4570
mod_vvisit_counterӨткен аптада10842
mod_vvisit_counterОсы айда30263
mod_vvisit_counterӨткен айда32286
mod_vvisit_counterБәрі2680479

Серіктестер