|

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Байзақ аудандық сотының ұйымдастыруымен «Жаңа заңның жаңалықтары» атты жиын өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, ақпараттық-насихаттық топ мүшелері және қоғам белсенділері қатысты. Айтулы жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов ашып, 1 шілдесінен бастап Жаңа Конституцияның заңды күшіне енетіндігін, жаңарған Ата заң мемлекеттің даму бағытын айқындап, еліміздің өсіп-өркендеуіне және алдағы ауқымды
мақсаттарды еңсеруіне қызмет ететін құқықтық негізді қалыптастыратындығын атап өтті. Мұнан кейін ретімен сөз алған Байзақ аудандық сотының төрағасы Досжан Төленбеков, Республикалық «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, Жамбыл облыстық әділет департаментінің бас маманы Әсел Қаңтарбаевалар елімізде қабылданып жатқан заңнамалық өзгерістердің маңызы, олардың негізгі бағыттары мен қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ Спикерлер Конституция-мемлекеттің құқықтық және институционалдық негізін айқындайтын негізгі құжат екендігін айта келе, заңнамалық реформалардың басты мақсаты-мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, билік тармақтарының тепе-теңдігі мен жауапкершілігін күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың институционалдық тетіктерін жетілдіру екеніне басымдық берді. Сонымен қатар, заңнамалық өзгерістерді халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы айтылып, бұл бағыттағы ақпараттық-насихаттық жұмыстардың жүйелі жүргізілуі қажеттігіне тоқталды. Өз кезегінде ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беретіндерін жеткізді.
“Ауыл жаңалығы”- ақпарат. |
|
Обновлено 03.07.2026 11:48 |