Онлайн газет



КҮЙ ҚҰДІРЕТІН АСҚАҚТАТҚАН

Президент Жарлығымен  2018 жылдан бері шілденің бірінші жексенбісі-«Ұлттық домбыра» күні ретінде аталып келеді.
Домбыра – қазақ мәдениетінің маңызды  болмысы.  Домбыра күні – қазақ халқында  домбыраны  насихаттау, оның музыкалық, тарихи  және мәдени маңызы атап өтілуде. Бұл күні қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін тарту, домбыраның тарихы мен оны жасаған өнер иелері туралы баяндайтын шаралар өтеді. Домбыра күні – ұрпақтардың  мәдени  мұрасын  сақтап, оның байлығын жастарға жеткізу үшін тамаша мүмкіндік.
Ауданымыздағы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің  «Шолпан» ән-би ансамблінің  жетекшісі  Сәуле Сүйенішбекова  1969 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,  Кеңес ауылында  дүниеге келген. Алтыншы сыныптан бастап үйірмеге қатысып, Алғырбай Тыныбаев ұстаздан домбыра тартуды үйренеді. Орта мектепті бітірісімен жүрек қалауымен Жезқазған облысы, Сатпаев қаласындағы мәдени-ағарту  училищесін  Халық  аспаптар оркестрінің  дирижері  және  клуб  меңгерушісі  мамандығы  бойынша тәмамдайды.
1989 жылдан бастап  әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде «Шолпан»  ән-би ансамблінің  домбырашылар  жетекшісі  қызметін  атқаруда. 1992 жылы ансамбль  құрамында Киевте өткен Бүкілодақтық фестивальде өнер көрсетіп, ансамбль  лауреат  атанған.  Осы жылдар аралығында өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің нәтижесінде  2018  жылы  « Шолпан»  халық  ән-би  ансамблінің  концертмейстері болып бекітілді.
Сәуле Әнуарбекқызы түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына да белсене араласып, өнер адамдары  және көрермендер арасында үлкен беделі бар, ауданға танымал домбырашы. Ол қазақтың  «Түркеш»,  «Көңілашар»,  «Адай»,  «Алатау», «Балбырауын»  күйлерін  орындаған кезде  күйдің шынайы құдіретін  сезініп, талантына тәнті боласың.
Көп жылғы мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі  бағаланып,  2020 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,  аудан, облыс  әкімдерінің   әртүрлі  деңгейдегі  марапаттауларына ие болған Сәуле Сүйенішбекова Ұлттық домбыра күнін ерекше мереке санайды.

Аружан БОЛАТ,  
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 03.07.2026 10:53
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін377
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3106
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63855
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109665

Серіктестер