Онлайн газет



ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан әкімі Олжас Баққараев аудан әкімдігінде Бұқаралақ ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ауданымыздағы БАҚ өкілдерін қабылдады.
Қабылдауға аудандық «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті мен Ақпараттық медиа орталығының ұжымы, аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аппарат басшысы Асылжан Құрманов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ажибаевтар қатысты.
-Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Қаламдарыңыз қарымды болып, жазар жаңалықтарыңыз көп болсын.
Қазақтың алғашқы басылымдарының бірі- «Айқап» журналын ХХ ғасыр басындағы алғашқы пікір алаңы болды. Қазіргі әлеуметтік желінің қызметін ол кезде «Айқап» журналы атқарды. Журнал халықтың мұң-мұқтажын жеткізіп қана қоймай, оның оң шешім қабылдауына да өз үлесін қосты.
Журналистер үшін бұл мерекенің жөні бөлек, маңызы ерекше екенін жақсы білеміз. Себебі журналистер тынымсыз еңбек етеді, уақытпен санаспайтын шығармашылық ойдың адамдары. Билік пен халық арасындағы алтын көпір.  Сіздер аудан көлеміндегі атқарылып жатқан игілікті істерді халыққа дер кезінде жеткізіп, ауданның өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосып келесіздер. Мерекелеріңіз құтты болсын,- деген аудан әкімі Олжас Елебекұлы Ақпараттық медиа орталығы медиа және ақпарат бөлімінің басшысы Мерей Сардаровқа Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті  редакциясы ЖШС-нің директоры Бауыржан Жақсымбетовті  “Ауданға сіңірген еңбегі” үшін белгісімен, ал басылым тілшісі Жанерке Рақымжанқызы, Ақпараттық медиа орталығының тілшісі Айжамал Оразалиева, маманы Аянат Мейіржановалар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Басқада журналистерге сый-құрметтер жасалды.
Кездесуде «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газеті редакциясы ЖШС-і директоры Бауыржан Жақсымбетов өздеріне жасалған құрмет үшін аудан басшыларына алғыс айтып, мұндай жақсы жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретінін жеткізді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 30.06.2026 15:34
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін383
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3112
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63861
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109671

Серіктестер