Онлайн газет



ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ӨЗ УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Аудан әкімдігінде аппараттық кеңестің кезекті отырысы аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен өтті.
Отырысқа аудандық мәслихаттың төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Мейірбеков, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Арман Смайлов, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Рита Алтынбасова, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
“Байзақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы” аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков слайдты пайдалана отырып баяндама жасады.
-Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары “Байзақ ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары”, “Облыс әкімі мен аудан әкімдеріне белгіленген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің 2026 жылғы жоспарлық мәндері”, “AMANAT” партиясының 2022-2026 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы”, “2026 жылға арналған ауылдық округтерге бекітілген түйінді нысаналы индикаторлардың I тоқсанмен орындалуы” тәрізді құжаттармен айқындалады,- деген Дулат Бекбосынұлы одан әрі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуын әрбір сала бойынша айтып берді.
Ауданның 2020-2030 жылдарға арналған даму жоспары халықтың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға, ауданның экономикасын дамытуға және инфрақұрылымдық жүйелерді жақсарту тәрізді өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Ал мұнда “Өңір экономикасының өсуі”, “Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту”, “Инфрақұрылымды дамыту”, “Экологиялық тұрақтылықты арттыру”, “Тұрақты даму саласындағы мақсаттар”, “Көлік инфрақұрылымын және халықты жұмыспен қамтуды дамыту”, “Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету” тәрізді бағыттар бойынша 60 көрсеткішке қол жеткізу қарастырылған. Олар кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық, білім, жұмыспен қамту, мәдениет, құрылыс, дене шынықтыру және спорт, полиция, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар бөлімі салаларына бөлініп берілген. Даму жоспары 5 жылдық мерзімге бекітілген.
Ауданға биылғы жылдың I-тоқсанына 61 тармақтың 48 тармағы бойынша жұмыс жүргізу жоспарланса, мұның 37 тармағы орындалған. Ал II-тоқсанға 52 тармақ бойынша жұмыс жүргізілуі қажет.
“AMANAT” партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жол картасы әзірленіп, 2027 жылға дейін атқарылатын жұмыстардың 5 бағыты бойынша 62 тармақ айқындалса, оның 42 тармағы биылғы жылға тиесілі. Бұдан Бурыл ауылындағы 300 орындық жаңа мектеп, №3 және Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектептердің жөндеу жұмыстары қаражат тапшылығына байланысты қаржы қарастырылмай отыр.
Кәсіпкерлік саласы бойынша Сарыкемер ауылдық округінде жоспар асыра орындалса, Ботамойнақ, Үлгілі, Қостөбе ауылдық округтерінде орындалуы 0 болып отыр.
Өңдеу цехын немесе қызмет көрсету нысанын іске қосу индикаторы жоспар бойынша 5 болса, оның екеуін Сарыкемер ауылдық округі орындаса, Ботамойнақ, Қостөбе ауылдық округтері орындаған жоқ.
Құрылыс саласы бойынша кәсіпкерлік нысандардың сыртқа келбеті мен ауласын абаттандыру индикаторы бойынша жоспар 16 болса, орындалмады.
Жеке тұлғалардан көлік құралы салығы бойынша берешек  сомаларды 100 пайызға жыл ішінде төмендету индикаторы бойынша I - тоқсанға аудан бойынша жоспары 25 пайыз болса, орындалғаны 5,7 пайыз. Бұл жерде Ботамойнақ, Мырзатай, Жалғызтөбе, Сазтерек, Ынтымақ, Жаңатұрмыс ауылдық округтерінде индикатордың орындалуы 0 пайызды құраған.
Аудан әкімі Олжас Елебекұлы индикаторлық көрсеткіштердің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен келісіп жасалғанын атап өтті. Соған қарамастан индикаторды өз уақытында орындамай отырғандарды сынға алды. Ал бұл жартыжылдықтың қорытындысымен қаралатынын еске салды. Қаржыға байланысты себепті жағдайлар еске алынатынында ескерте кетті. Әліде болса уақыттың бар екенін ескертіп, индикаторларды орындауды тапсырды.


Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ажибаев “Зираттарды қоршау және заңдастыру мәселесі туралы” баяндады.
-Зираттарды қоршау және заңдастыру жұмыстары олардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге, жер телімдерін есепке алуға, заңсыз жер пайдалану фактілерінің алдын алуға және тарихи-мәдени нысандарды сақтауға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады,- деді Айбек Ажибаев.
Ол бүгінде ауданда барлығы 89 зират тіркелгенін, оның 74-і қоршалып, 57 зираттың заңдастыру құжаттары толық рәсімделмегенін атап өтті. Мырзатай, Суханбаев, Темірбек, Жалғызтөбе, Көптерек, Түймекент, Сазтерек, Ынтымақ, Бурыл ауылдық округтерінде 2-10 аралығындағы зираттардың заңдастыру құжаттары толық рәсімделмесе, Ботамойнақ, Суханбаев, Түймекент, Мырзатай, Бәйтерек, Темірбек ауылдық округтеріне қарасты 1-4 аралығындағы зираттар қоршалмаған.
Қазақта “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген сөз бар. Ендеше біздің қоршалмаған зираттарымыз малдың аяқасты болып жатқаны нені білдіреді? Демек, оны қоршау жұмыстары ертерек қолға алынғаны дұрыс.
Аудан әкімі биылғы жылдың наурыз айында зираттарды қоршап, заңдастыру туралы нақты тапсырма берген болатын. Алайда бұл жұмыс баяу атқарылуда. Әкім бұл жұмыстарды 1 ай ішінде бітіруге уақыт берді. Сондай-ақ зиратқа баратын жолдарды ретке келтіру, айналасына ағаш отырғызу, ішін тазалау  қажеттігінде ауыл, ауылдық округ әкімдеріне тапсырды.
Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерлан Әшірбеков “Бурыл ауылдық округіндегі 2026 жылдың есептік кезеңінде атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы” айтып берді.
Аудан басшысы кеңес отырысы соңында биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап, тазалық жұмыстарына өзгерістер енгізілгені туралы атап айтты. Енді әр отбасы өз үйінің жанындағы 5 метр жерді өзі тазалап, таза ұстайтын болады. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар маңайыда таза болуы тиіс. Бұл ретте арнайы жұмысшы топ құрылып, оған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, басқада құзырлы органдардың азаматтары қатысып, халыққа, кәсіп иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Тазалық жасалмаған жерлерге байланысты айыппұл салуға тура келеді. Күл-қоқыс тастайтын (полигон) орын кейде өртеніп жатады. Оныда бақылауға алған жөн. Сонымен бірге аудан аумағындағы карьерлерді қарап, қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлу тиісті мамандарға тапсырылды.

Сундетулла АБИЛОВ,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 26.06.2026 16:41
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін238
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада2967
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63716
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109526

Серіктестер