Онлайн газет



ҰЛТҚА - ҚЫЗМЕТ, ЗАҢҒА - АДАЛДЫҚ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Мемлекеттік қызметші күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиын еліміздің  Мемлекеттік Гимні орындалуымен басталды.
Аудан әкімі Олжас Баққараев барлық Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Мемлекеттік қызмет - үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет екендігін атап өтті.
- Бұл салада әр азаматтың өтінішіне мұқият қарап, халықтың сенімін ақтап, ел мүддесі жолында аянбай еңбек ету аса маңызды міндет. Бүгінде Байзақ ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жұмыстар мен игі бастамалардың нәтижелі болуы сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіздің жемісі. Мемлекеттік қызметтің беделі - әр қызметшінің адал еңбегімен, біліктілігімен және халыққа деген жанашыр көзқарасымен өлшенеді.Сондықтан ауданымыздың өркендеуіне үлес қосып, мемлекетіміздің дамуына қызмет етіп жүрген баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін,- дей келе аудан басшысы Олжас Елебекұлы әріптестерін мерекемен құттықтап, отбасыларына қуаныш, дендеріне саулық, еңбектеріне толағай табыс тіледі. Бұдан ары қарай аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев та өзінің ізгі тілегін білдірді.
Мереке барысында мемлекеттік қызметтегі көпжылдық еңбегі үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Дариға Егембердиева, Диқан ауылдық округі әкімі аппаратының әскери есеп жүргізуші-бас маманы Асан Қашағанов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппаратының  есепші бас маманы Құралай Етекбаева, Түймекент ауылдық округі әкімінің орынбасары Айман Тыныбековалар облыс әкімінің Алғыс хатымен, сонымен қатар бір топ мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат аппаратының құқықтық қызмет және құжаттама бөлімшесінің бас маманы Айсұлу Шубекова мен Түймекент ауылдық округі әкімі аппаратының есепші бас маманы Майра Маханбаеваларға Жамбыл облысы мәслихатының Құрмет грамотасы табысталды.

*    *    *
Қазақстан полициясы күніне орай,  аудандық полиция  бөлімінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов қатысып, тәртіп сақшыларын төл мерекесімен құттықтады. Қоғамдағы тұрақтылық пен әділдіктің, “Заң мен тәртіптің” сақталуына үлес қосып, ел сенімін ақтау жолында тер төгіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегіне құрмет көрсетіле беретіндігін жеткізді.
Аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев та  құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы аса жауапты қызметтеріне табыс тіледі.
Мұнан кейін қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне белсене араласқаны үшін бір топ полиция қызметкерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 26.06.2026 16:33
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін280
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3009
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63758
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109568

Серіктестер