Онлайн газет



140 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

“Тұрғын үй коммуналдық-инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес ауданымызда жыл сайын тұрғын үйлер бой көтеріп,  қоныс тойы тойлана бастады.
Кеше, Сарыкемер ауылындағы Әл-Фараби мөлтек ауданындағы бой көтерген 60 пәтерлі 5 қабатты жаңа үй пайдалануға берілді.
Жаңа үйдің иелеріне пәтер кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімі Олжас Баққараев арнайы қатысып,  аймақта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауданымызда тұрғын үй құрылысының көлемі жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылдың өзінде ауданымызда 618  отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді.  Жаңа жыл қарсаңында 69 азаматқа жаңа пәтердің кілті табысталды. Жыл соңына дейін тағы 8 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, сатып алу жоспарлануда.
Міне бүгін 3676 шаршы метр болатын 60 пәтер пайдалануға беріліп отыр.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Жаңа қоныстарыңыз ырыс пен берекенің,  шаттық пен қуаныштың ордасы болсын,-деді Олжас Елебекұлы. Мұнан кейін “Отбасы банкі”  АҚ  Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Талғат Жақсылықовта лебізін білдірді.
- Немерем Айдос Айбекұлы аудан әкімінің қолынан екі бөлмелі пәтердің кілтін алғанын көріп қатты қуандым. Жасым 91-де,  кіндігімнен тараған 7 қыз, бір ұлымнан 49 немере, 97 шөбере, 1 шөпшек көріп отырған қариямын. Үш перзенті бар немеремнің жаңа қонысқа ие болғандығын көрудің өзі бақыт екен. Жалпы ауданымызда баспанаға мұқтаж жандарға мүмкіндік жасап жатқан азаматтарға  шексіз алғысымды айтамын,-деді сарыкемерлік Ибраш Төребаев.


Іс-шара барысында “Отбасы банк” АҚ арқылы жалға берілетін пәтерлердің кілттері баспана кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Жаңа үйлер талаптарға сай салынып, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. 
Бұл күні сондай-ақ, Байзақ батыр көшесі және «Астана» бөбекжай-бақшасының маңынан бой көтерген, жалпы  40 тұрғын үйдің кілті де табыс етілді. Жаңа баспаналар тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға, атап айтқанда толық емес және көпбалалы отбасыларға, ерекше баланы тәрбиелеп отырған жанұяларға, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар азаматтарға берілді.
Жиында «Отбасы банк» АҚ Жамбыл облысы филиалы директорының орынбасары Талғат Жақсылықов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров пен Қоғамдық кеңестің төрағасы Қыдырәлі Ораловтар құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтіп, қоныс иелеріне жаңа шаңырақтарында бақ-береке мен шаттық тіледі.
Одан кейін тұрғындарға жаңа үйлердің кілттері салтанатты жағдайда табысталды. Қуанышты сәтте ақжаулықты әжелер шашу шашып, ақ баталарын берді.
Шара соңында аудан әкімі Олжас Баққараев пен жиналған қауым жаңа үйлердің біріне арнайы кіріп, баспананың жай-күйімен танысып, қоныс иелерінің қуанышына ортақтасты. Осылайша аудан тұрғындары үшін тағы бір маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асып, 140 отбасының баспаналы болу арманы орындалды.

Жанерке Әлтен,
“Ауыл жаңалығы”.

Обновлено 26.06.2026 16:33
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін387
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3116
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63865
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109675

Серіктестер