Онлайн газет



ТІЛ - ТІРЕГІМ

Тіл – әр халықтың баға жетпес байлығы, ұлттың жаны мен рухани қазынасы. Ана тілі арқылы адам өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін танып біледі. Сондықтан тіл-ұлттың ең басты тірегі.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, ұлттық мақтанышы. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз өз тілін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізді. Тілдің арқасында халқымыздың әдебиеті, өнері мен даналығы бүгінгі күнге дейін жетті.
Әрбір азамат өз ана тілін құрметтеп, оны таза сөйлеуге, сауатты жазуға және дамытуға үлес қосуы керек. Ана тілін қадірлеу – туған елді, туған жерді сүюдің белгісі. Өз тілін құрметтеген халықтың болашағы да жарқын болады.
Мемлекеттік тілді меңгеру – әрбір Қазақстан азаматының парызы. Тілді білу – тек заң талабы ғана емес, елге деген құрметтің белгісі. «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық» деген екен халық жазушысы Ғабит  Мүсірепов.  Белгілі ақын Қадыр Мырзалиевтің «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзі қазіргі қоғамда да маңызын жоғалтқан жоқ. Әрбір қазақстандық қазақ тілінің мәртебесін көтеруге міндетті.
Тіл - ел бірлігінің кепілі. Мемлекеттік тілдің дамуы – қоғамдағы әрбір азаматтың ортақ парызы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейтудің маңызын атап айтқан болатын.
Тіл-ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Сондықтан мен үшін ана тілім – мақтанышым, рухани күшім және өмірлік тірегім. Тіл – халықтың жүрегі, елдіктің белгісі  және ұлттың мәңгілік қазынасы.

Өмірбек Смайл,
Байзақ аудандық сотының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін261
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада2990
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63739
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109549

Серіктестер