|
Байзақ ауданында барлық 17 ауыл және ауылдық округі әкімі аппараттарында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Құқық кабинеттері жұмыс істейді. Құқық кабинеттерінде азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында келесі мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер беріледі: жер қатынастары, тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік көмек алу, еңбек қатынастары, кәсіпкерлік қызмет, мемлекеттік қызметтерді
алу тәртібі, өзге де құқықтық мәселелер. Сонымен қатар, тұрғындарға өтініштерді, арыз-шағымдарды және басқа да құжаттарды рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну жолдары бойынша бағыт-бағдар беріледі. Өзіңізді толғандырған құқықтық мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдігі жанындағы Құқық кабинетіне жүгініп, білікті мамандардан кеңес ала аласыз. |