Онлайн газет



«АНА МЕН БАЛА ӘЛЕМІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Отбасы - махаббат пен мейірім мекені. Халықаралық отбасы күніне орай «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен аудан орталығындағы  Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта «Ана мен бала әлемі» іс-шарасы болып өтті.
Іс-шараның басты мақсаты-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, қыз балаларға өнегелі тәрбие беру және қоғамдағы ананың рөлін кеңінен насихаттау болды.
Кездесуге ауданымыздың ардақты аналары мен түрлі сала мамандары қатысып, жастармен еркін форматта пікір алмасты. Онда қатысушыларға отбасы тәрбиесі, қыз баланың қоғамдағы орны, денсаулық пен психологиялық қолдаудың маңыздылығы жөнінде кеңінен айтылды.
Жиын барысында аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Майра Сатыбалдиева  «Ана жүрегі – мейірім мекені» тақырыбында әсерлі әңгіме қозғап, ананың мейірімі мен тәрбиесінің адам өміріндегі ерекше орнына тоқталды. Сонымен қатар, жастарға үлкенді құрметтеу, отбасы бірлігін сақтау және ұлттық тәрбиенің құндылығы туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Аудандық полиция бөлімі Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Тахмина Нұрғалиқызы қатысушыларға құқықтық сауаттылық жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасыдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері төңірегінде маңызды ақпараттар ұсынды.
Аудандық орталық емханасы Жастар денсаулық орталығының акушер-гинеколог дәрігері Мадина Қожахмет қыз балалар денсаулығы, ерте жүктіліктің алдын алу және әйел денсаулығын сақтау мәселелері жөнінде пайдалы кеңестерімен бөлісті.  Отбасын қолдау орталығының психологы Жаңылсын Бейбітова қатысушылармен «Айна-мен» атты психологиялық тренинг өткізіп, жастардың өзін-өзі бағалауын арттыруға, ішкі жандүниесін тануға және сенімді қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған жаттығулар ұйымдастырды.
Кездесу соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қажетті кеңестер алды.
Тағылымы мол шара жастарға рухани серпін сыйлап, отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды кездесулердің бірі болды.

Нұргүл Молдакаримова,
уақытша бос жүрген және жас отбасылар мен жұмыс бөлімінің психологы.

Обновлено 26.06.2026 16:16
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін315
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3044
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63793
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109603

Серіктестер