Онлайн газет



ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Күннің жылуына орай, шомылу маусымы да басталды. Шомылу маусымында адамдардың көпшілігі кез келген қолжетімді су айдындарында, бассейндерде шомылуға тырысады.
Бассейнге, су айдындарына және басқа шомылу орындарына бармас бұрын, келесі алдын-алу шараларын ұмытпау керек:
- Бейтаныс су айдындарында шомылмау, тек арнайы бөлінген және жабдықталған орындарда шомылу қажет. Бейтаныс су қоймаларында, су айдындарында шомылуға болмайды. Әсіресе олар ағынсыз тұрған су болса. Микроорганизмдер ағынсыз тұрған суда белсенді түрде көбейеді, сонымен қатар ағынсыз тұрған су жақын маңдағы фермалардан ағып келетін лас сулармен ластануы мүмкін.
- Егер сіз ауырып тұрсаңыз немесе сәл суық тиген болса шомылу орындарына бармағаныңыз жөн. Себебі бұл жағдайда иммунитеттің әлсіреуіне байланысты кез келген инфекция сізге зиян тигізуі мүмкін.
- Бассейнге, су қоймаларына және басқа шомылу орындарына жүзуге арналған қалпақпен, тығыз жүзуге арналған киім немесе жабық купальниктермен түсіңіз.
- Ашық су айдындарында немесе бассейндерде шомылу алдында, шомылғаннан кейін, әрбір суға түскен сайын, бірден душ қабылдаңыз, суға түскен киімдерді жуыңыз. Душ қабылдау арқасында сіз зиянды бактериялар мен дезинфекциялық құралдардың қалдықтарын шайып, төнген қауіптілікті төмендетесіз.
- Су астына сүңгу кезінде көзіңізді ашпаңыз немесе су астында маскамен немесе көзілдірікпен шомылыңыз;
- Жағажайда, бассейннің жанында жалаң аяқ жүрмеңіз, аяқ киім киіңіз;
Кез келген дімкәстік, сырқаттану жағдайында дереу дәрігерге қаралыңыз және өзін-өзі емдеумен айналыспаңыз.
Биылғы жаз ерекше  ыстық, аптап болып тұр. Сондықтан күннің қатты ыстығынан сақтану  мақсатында рұқсат етілген  су айдындарында  шомылғандарыңыз абзал. Суға түсу  кезінде сақтық шараларын қатаң сақтап, өздеріңіздің денсаулықтарыңызға асқан жауапкершілікпен қарау қажеттігін естеріңізге саламыз.

Роза Пірімқұлова,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін311
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3040
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63789
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109599

Серіктестер