Онлайн газет



ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ауданымызда қыруар тірліктер атқарылуда. Соның бірі-аудан аумағындағы елдімекендерде тазалықты бірқалыпты  ұстап тұру мақсатында апта сайын ауылдық округтерде  сенбіліктер ұйымдастырылатын болады.
Өткен аптаның сенбісінде  Бурыл ауылында санитарлық тазалықты сақтау және елдімекеннің көркеюіне үлес қосу мақсатында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік өтті. 
Іс-шараға аудан әкімі Олжас Баққараевтың өзі бастап, салалық орынбасарлары, аудандық ардагерлер, Қоғамдық, Билер кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысып, ауылдың тазалығы мен абаттандырылуына үлестерін қосты.
Акция аясында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бердібек Омаров және Бурыл ауылдық округі ақсақалдар алқасының мүшесі Серік Тезекбаевтар тазалықты сақтаудың маңыздылығына тоқталып, қолға алынған игілікті іске ауыл тұрғындарын үлестерін қосуға шақырды. Ауылдың тазалығы-баршаның міндеті екендігіне екпін салды.
Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, арық-атыздар ретке келтірілді. Жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып жатты.
-Ауылымыздың тазалығы мен көркемдігі осында тұрып жатқан әрбір азаматтың қолында. Тұрғындарды тазалық мәдениетін сақтауға шақырған жалпыхалықтық сенбілікке қатыса отырып, басты мақсатымыз-туған өлкеміздің  көркеюіне әрқайсымыз үлесімізді қоса отырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың  қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту.
Бұл бастаманың маңызы зор деп білемін. Аудан әкімінің өзі бас болып, сенбілікке қатысып, тұрғындарға үлгі көрсетіп жатқанына  қуандық. Бір жағынан ауылымыздың  тұрғындары алдағы уақытта да  айналасын тазалап,  мұндай бастамаларға белсене қатысады деп сенеміз,-деді Серік Тезекбаев.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 наурызындағы “Таза Қазақстан” республикалық  экологиялық акцияға қатысқан болатын.
“Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Барымыз да, басты байлығымыз да – қастерлі Отанымыз Қазақстан. Сондықтан қасиетті жеріміздің, киелі еліміздің озық, қауіпсіз, күшті әрі таза болғаны тек бізге ғана керек. Осыны дұрыс түсінген абзал. Бұл жобаның түпкі мәні – табиғатты аялау, тазалық пен тәртіпті дәріптеу, саналы ұрпақ тәрбиелеп, сапалы ұлт қалыптастыру”,- деген еді сонда Мемлекет басшысы.
Шындығында да табиғатты қорғау, ауылдың өсіп-өркендеуіне, жасыл желекке орануына қамқорлық жасау-ортақ міндет. Сондықтан  мұндай игі бастамалар ауылдың ажарын арттырып қана қоймай, қоғамда тазалыққа деген оң көзқарасты қалыптастыратындығы анық.

Әсел ЖОЛДАСБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 2-курс студенті.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін327
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3056
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63805
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109615

Серіктестер