Онлайн газет



КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАНДЫ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXV-сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманов, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Көшербаев, ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияны аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияда «Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық, жаңадан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру және босаған орындарға сайлау өткізу туралы» Байзақ ауданы бойынша сайлау комиссияларының құрамындағы босаған орындарға сайлау өткізу үшін уақытша комиссияның төрағасы, депутат Елнұрбек Ермеков баяндама жасады.
Баяндамада айтылғандай аумақтық сайлау комиссиясынан 2, учаскелік сайлау комиссияларынан 11 мүшесінен өздерінің атқарып жүрген қызметтерінен өз өтініштері бойынша босату және жаңадан құрылған №529 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын сайлау туралы ұсыныс түскен.
Аудандық мәслихаттың ресми сайтына 2026 жылғы 29 мамыр күні құрамында бос орындар бар сайлау комиссияларының нөмірлері мен орналасқан жері және оларға саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныс берулеріне мүмкіндігі бар екендігі туралы хабарландыру жарияланып, 2026 жылдың 12 маусымына дейін ұсыныстар қабылданған. Конкурс негізінде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар босаған орындарға өздерінің кандидаттарын ұсынған. Ұсынылған кандидаттардың құжаттары толық қаралып, талапқа сай болды.
Сессияда тізім бойынша ашық дауыс берудің қорытындысына байланысты аудандық мәслихаттың шешімімен Байзақ аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі болып Айткулов Жарқынбек Абдиманапович, Қосуақ Айдана Мәлікқызы сайланды.
Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері болып Қуантаева Айнұр Қуатовна (№115), Мамытқұлов Адилбек Абирбекұлы (№130), Наширбаева Гулназ Мусаахметовна, Сортбаева Улбосын Нурдуллаевна (№131), Кушербаева Амангул Серікқызы (№135), Мыңбаева Жазира Сапаралиевна (№139), Джумашева Айгуль Серикхановна (№140), Махамбеталива Айсара Турысбаевна (№142), Майлиева Диана Уменовна (№143), Умирзакова Гаухар Пирмаханбетовна (№146), Бостанов Мурат Данебекович (№468) сайланды. Сонымен қатар Ағабекова Динара Скаковна, Балтабеков Ықлас Қоянтайұлы, Маралбаева Балзира Жандосқызы, Маемгенов Талғат Нургумарович, Қабылбекова Рахат Абдикуловна, Ушбаева Майра Құралбековна, Жумалбек Раушан Сағындықовналар №529 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болып сайланды.
Сессия соңында Б.Ақбаев депутаттарды келесі сессияның күн тәртібімен таныстырып, оған дайындықпен келуді ескертті.

Сундетулла АБЫЛАШҰЛЫ,
«Ауыл жаңалығы».

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін305
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3034
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63783
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109593

Серіктестер