Онлайн газет



ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – БАЙЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Медицина қызметкері күніне орай Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты шарада денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы кәсіби байқаудың қорытындысы бойынша Байзақ аудандық орталық емханасының әлеуметтік қызметкері Үйкекбай Арайлым Ғалымжанқызы «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер» номинациясының иегері атанды.
Марапатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстап, сала мамандарының халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.
Арайлым Ғалымжанқызы еңбек жолында пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге және әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға сүбелі үлес қосып келеді. Сонымен қатар ол жастар саясаты мен волонтерлік қызметте де белсенділігімен ерекшеленіп, қоғамдық жұмыстарға ұйытқы болып жүр.
Бұған дейін де облыстық және республикалық деңгейдегі бірқатар байқаулардың жеңімпазы атанған жас маманның бұл жетістігі – оның кәсіби шеберлігі мен жауапты еңбегінің нәтижесі. Арайлым Ғалымжанқызының жеңісі Байзақ ауданы мен Жамбыл облысының медицина саласы үшін зор мәртебе.
Үйкекбай Арайлым Ғалымжанқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық және жаңа белестер тілейміз.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 23.06.2026 10:49
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін300
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3029
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63778
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109588

Серіктестер