Онлайн газет



ҰЛТ САУЛЫҒЫНЫҢ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Елімізде 1998 жылы Президент Жарлығымен бекітілген “Медицина қызметкерлері күні” мерекесі жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтіледі. Осыған орай өткен аптаның жұмасы күні аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы  мәдениет үйінде «Медицина қызметкерлері-адамзаттың асылы» атты салтанатты жиын өтті.
Айтулы іс-шараның шымылдығы жезтаңдай әнші Динара Диханбаеваның орындауындағы «Өмір тамаша» әнімен түрілді.
Салтанатты жиынның  ашылуында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев сөз сөйлеп,  адам денсаулығын сақтау жолында еңбек сіңіріп жүрген дәрігерлердің ерен еңбегі мен қоғамдағы жоғары рөліне тоқталды. Елімізде медицина саласына  айрықша көңіл бөлініп, дәрігер мәртебесін көтеру бағытында жүйелі жұмыстар жасалып жатқандығын атап өтіп, өз ісінің хас шебері атанған бірқатар сала мамандарын аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың Алғыс  хаттарымен марапаттады.
Мұнан кейін Байзақ аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жандос Рысқұлов  әріптестерін  төл мерекемен құттықтады. Ұлт саулығы бәрінен қымбат екендігіне басымдық бере отырып, ауданның медицина мамандарының өз істеріне адалдығын атап өтті. Ең қастерлі мамандықты таңдаған,  денсаулық сақтау саласында ұзақ  жылдар аянбай  еңбек етіп,  зейнетке шыққан дәрігерлер Зухра Әйтекова, Сұлтанкерей Мажибаев, Людмила Останина, Шолпан  Токумбекова, Гульсия Истамкуловаларға ерекше құрмет көрсетіп,  гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарды табыстады.
Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі  Жәудір Мырзаева Қазақстан Республикасы  Денсаулық министрлігінің  Құрмет грамотасына, сонымен қатар облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хатына мейіргер Эльвира Исабекова ие болды. Сондай-ақ, «QAZ MED» салалық кәсіподағы Республикалық  қоғамдық  бірлестігінің  Құрмет  грамотасы бірнеше алдыңғы қатарлы ақ желеңді, абзал жандарға  табысталды.
Медицина қызметкерлері күні-бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге-өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн. Сондықтан бұл мамандық кез келген қоғам үшін ең маңызды болып табылатын, адам денсаулығы мен оның белсенді өміріне адал қызмет ететін ең ізгі, мейірімді мамандық.
Тәуелсіз еліміздің өркендеуі адам капиталының сапасына, ал ұлттың келешегі халық денсаулығына байланысты. Елімізде денсаулық сақтау жүйесін жан-жақты нығайту мен медицина қызметкерлерін қолдау-ұлт саулығы мен елдің болашағына салынған инвестиция екендігі де жиын барысында айтылды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Бақшагүл Маратқызы,
“Ауыл жаңалығы”.
Әсел ЖОЛДАСБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 2-курс студенті.

Обновлено 23.06.2026 10:48
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін311
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3040
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63789
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109599

Серіктестер