Онлайн газет



АДАЛДЫҚТАН АТТАМАҒАН АЗАМАТ

Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен ұлттық руханиятын жаңғырту ісіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан жастардың бірі - Байзақ аудандық сотының судьясы Аңсабек Назарқұлов. Ол өзінің ширек ғасырға жуық уақытын заң үстемдігін орнықтыруға, сот жүйесінің беделін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арнап келе жатқан азаматтардың бірі.
Аңсабек Сатыбалдыұлы 2003 жылы қазақ гуманитарлық - заң университетін юриспруденция мамандығы бойынша бітіріп, «заңгер» біліктілігін алған.
Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Тараз қаласы №2 сотының маман-шабарманы лауазымынан бастап, жетекші маман - сот приставы, жетекші маман - мұрағат меңгерушісі, бас маман сот мәжілісінің хатшысы, бас маман лауазымдарын атқарып, мол тәжірибе жинақтаған жан.
Бар болғаны 9 жылда мол тәжірибе жинақтаған жас Қазақстан Республикасы Президентінің 2.09.13 жылғы №628 Жарлығымен Байзақ аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды. Ал бұл оған көрсетілген үлкен сенім болатын. Ол содан бері сенім үдесінен шығу жолында аталған қызметті үлкен жауапкершілікпен атқарып, сот жүйесінің дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосып келеді.
Аңсабектің азаматтық істер мен материалдарды қарау, татуластырушы судья ретінде қол жеткізген жетістіктері аз емес. Қазіргі кезде жасыратыны жоқ, түрлі себептермен ажырасушы жастар көп. “Әрбір отбасы - кішігірім мемлекет” демекші, отбасының бұзылуы, ананың жесір, баланың жетім қалуы ең өкінішті жағдай. Сондықтанда Аңсабек әрбір түскен арызға ерекше көңілмен қарап, қалайда ажырасуға келгендерге ақыл-кеңесін айтып, татуластыруға күш салып жатады. Бұл ретте ауданымыздағы беделі жоғары, сыйлы, үлгілі отбасыларды басқарып отырған азаматтардан жасақталған аудан медиаторларымен тығыз байланыс жасаудың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, биылғы жылдың алғашқы 6 айында аудандық сотқа 1021 татуласуға байланысты (ажырасу, қарыздарды қайтару, алимент төлеу, тағы басқада) арыздар түскен. Міне осы арыздарды сотқа жеткізбей медиациялық жолмен қарап, оның 66,7 пайызы татуласумен аяқталған. Ал бұл үлкен көрсеткіш. Оның 45,2 пайызына тікелей А.Назарқұловтың араласуымен қол жеткен.
Сот саласында Аңсабектің бұданда басқа қол жеткізген жетістіктері аз емес. Міне осындай адал еңбектің арқасында А.Назарқұлов кеудесіне “Сот жүйесінің үздігі” төсбелгісін тағып, Жоғарғы соттың “Құрмет грамотасына” ие болды. Бұлардан басқа да әртүрлі деңгейдегі марапаттарға қол жеткізгенін жақсы білеміз.
Бүгінде қайсыбір мекемеде болмасын мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, дамытуға басымдық берілуде. Бұл аудандық сот ұжымында да қолдау тапса, онда да біз сөз етіп отырған судья Аңсабектің қосып отырған үлесі мол. Ол биылға жылы Ж.Жабаевтың 180 жылдығына байланысты сот ұжымдары арасында өткен облыстық байқауда аудандық сот ұжымының жүлделі I - орынды иеленуіне де мол үлес қосқанын жақсы білеміз.
Өз мамандығын жетік меңгерген А.Назарқұловты ертеңгі кәсіби мерекесі - Судья және сот қызметкері күнімен құттықтай отырып, алдағы уақытта іскерлік пен жауапкершілікті өмірлік қағидасына айналдыра беруін тілейміз.

Сундетулла АБИЛОВ,
“Ауыл жаңалығы”.
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 23.06.2026 10:46
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін401
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3130
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63879
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109689

Серіктестер