Онлайн газет



ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Аудан аумағында шомылу маусымында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралар тұрақты бақылауда жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудан аумағында тұрғындарға қызмет көрсететін 5 демалыс орны белгіленген.
Атап айтқанда “Достар”, “Айзақ”, “Қарлығаш”, “Форель” балық шаруашылығы және “Манго” демалыс орындары. Аталған нысандарда балаларға арналған таяз бассейндер орнатылып, құтқару қызметі мен медициналық пункттердің жұмысы ұйымдастырылған. Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев арнайы құрылған жұмысшы топ мүшелерімен бірлесе отырып, аталған демалыс орындарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу барысында демалыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы, бассейндердің санитарлық жағдайы және келушілерге арналған қауіпсіздік ережелерінің орналастырылуы назарға алынды.
Сонымен қатар, демалыс орындары иелеріне судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, келушілер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін388
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3117
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63866
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109676

Серіктестер