Онлайн газет



ДАҚЫЛ ЕГІЛДІ, ӨНІМ МОЛ БОЛСА ИГІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аппараттық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары  С.Қабылбеков, Қ.Бүркітәлиев, аппарат басшысы А.Құрманов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
Онда алдымен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Қуанышев «Көктемгі егіс дала жұмыстарының  қорытындысы туралы» слайдты пайдалана отырып баяндама жасады.
-Биылғы жылғы көктемгі егіс дала жұмыстары бойынша 58255 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Ал бұл өткен жылмен салыстырғанда 125 гектарға  артық екенін көрсетеді.
Дақылдарға келетін болсақ 12040 га арпа, 1100 га майлы дақылдар, 452 га картоп, 45 га дәнді бұршақ, 5200 га көкөніс, 580 га бақша, 3535 га жаңа көпжылдық шөп, 438 га бір жылдық шөп, 330 га сүрлемдік жүгері, 3645 га дәндік жүгері, 2602 га қант қызылшасы егілді. Сондай-ақ 8813 га күздік бидай және 19475 га ескі көпжылдық шөп орналастырылған. Ал бұл биылғы жылға жоспарланған ауыл шаруашылығы дақылдары түгелдей орындалғанын көрсетеді,- деді Әлібек Қаппарұлы.
Бұдан кейін ол аудандағы су үнемдеу технологиясын енгізу, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы мен жаңаруы, кепілді дизель отыны, минералды тыңайтқыштар алу, көктемгі егіс дала және дақыл жинау жұмыстарын несиелендіру, семинарлар өткізу туралы мәселелер бойынша жеке-жеке айтып өтті. Баяндамада аталып өткендей ауданда көктемгі егіс дала жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны байқалады.
Баяндаманы мұқият тыңдаған аудан басшысы Олжас Елебекұлы жоспарлы дақыл түгелдей егілгенімен ертеңгі күні оларды егін суымен қамтамасыз ету қалай болатындығын сұрады. Ең бастысы шаруаларға су жетпей қалмауын қатаң тапсырды. Сондай-ақ былтырға қарағанда биыл қант қызылшасы көлемі артып отырғанын айтып, өнімді өткізу мәселесін бүгіннен ойластыру қажеттігін еске салды. Ал техника сатып алу жоспары орындалуы керектігін баса айтты.


Ә.Қуанышев су тапшылығына байланысты жер асты суын пайдалану үшін ұңғымалар қазылып жатқаны, ал қант қызылшасына байланысты зауыттармен келісімшарт жасалып жатқандығын, техника сатып алу жоспары жыл соңына дейін орындалатынын атап өтті.
Диқан ауылдық округінің әкімі Жұман Абдуалиев «2026 жылғы есепті  кезеңдегі атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы» слайдты пайдалана отырып баяндады. Ол өз баяндамасында тиісті кезеңде округте атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бюджет қаражатының жоспарға сәйкес игеріліп жатқандығы, округ аумағындағы инфрақұрылымды дамыту, аббаттандыру мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы айтты. Округтегі 29 көшенің 11-і жарықтандырылып, тұрғындардың қауіпсіздігіне, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге жағдай жасалған. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарына басымдық  беріліп, демеушілер тарапынан 300 түп қарағаш көшеттері отырғызылған.
2026 жылдың І-тоқсанында округтегі 6 саладағы 23 нысаналы  индикатордың 22-сі орындалған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында инвестиция тарту көрсеткіші бойынша «Алди и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан құны  441,9 млн. теңгені құрайтын сұрыптау желісін сатып алу және техникалық жарақтандыру жобасы іске асырылуда. Сондай-ақ  «Капитал Агро» жеке кәсіпкерлігі тарапынан мал бордақылау алаңын салуға 150,0 млн. теңге инвестиция салу жоспарлануда.
Кәсіпкерлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, дене шынықтыру және спорт салалары бойынша, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен қаржы салаларындағы қалған индикаторлар жоспарға сәйкес орындалған.
Аудан әкімі Аймантөбе ауылындағы ауыз су жүйесінің жұмысы туралы сұрап білді. Осы жерде округ әкіміне атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап отыру керектігін ескертті. Сондай-ақ ауылдың тыныс-тіршілігін  үнемі назарда ұстап, аудандағы тиісті мекемелермен байланыста болу керектігін атап өтті. Ал бұл барлық ауыл, ауылдық округ әкімдеріне де қатысты екендігі айтылды.
Отырыста басқа да әртүрлі мәселелерге байланысты туындаған сұрақтар қозғалып, ол бойынша тиісті мамандар мен округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Сундетулла АБИЛОВ,
«Ауыл жаңалығы».
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 19.06.2026 10:43
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін294
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3023
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63772
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109582

Серіктестер