|

Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай “Байзақ датқа” кесенесі аумағында кең көлемді сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізіліп, оған жастар, еріктілер және белсенді тұрғындар қатысты. Сенбілік барысында кесене аумағы мен оған іргелес жерлер қоқыстардан тазартылып, арамшөптер орылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар аумақты абаттандыру және көркейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, тарихи-мәдени нысанның айналасын
таза ұстауға ерекше көңіл бөлінді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және туған жердің тазалығын сақтауға үндеу болып табылады. Осындай шаралар арқылы қатысушылар табиғатты аялау әр азаматтың ортақ міндеті екенін көрсетті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде жүйелі түрде түрлі экологиялық іс-шаралар өткізіліп келеді. Бұл бастамалар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, елді мекендердің көркін арттыруға және қоғамда экологиялық сана қалыптастыруға өз үлесін қосуда. Туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан әрбір тұрғынды қоршаған ортаны қорғауға, тазалық жұмыстарын қолдауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырамыз. Бірлесе атқарылған игі істер арқылы ауданымыздың экологиялық ахуалын жақсартып, келешек ұрпаққа таза әрі көркем қоршаған орта қалдыра аламыз.
Адилет СЕРГЕЕВ, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыру, бақылау және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің маманы. |
|
Обновлено 12.06.2026 10:57 |