Онлайн газет



ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ ТУУ ТУРАЛЫ КУӘЛІГІ: БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚҰЖАТЫН ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Баланың дүниеге келуі – әр отбасы үшін маңызды оқиға. Бүгінде жаңа туған нәрестенің туу туралы куәлігін онлайн түрде де, жеке өтініш беру арқылы да жылдам әрі ыңғайлы рәсімдеуге болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында хабарлады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда баланың тууы үш жұмыс күні ішінде тіркелуі тиіс. Ата-аналар өтінішті өз таңдауы бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органына бере алады.
Медициналық туу туралы анықтама не болмаса туған фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады. Медициналық анықтамада ананың деректері, сондай-ақ баланың тегі, аты, туған күні, жынысы және құжатты беру күні көрсетілуі тиіс. Егер құжат қағаз түрінде рәсімделсе, ол медициналық ұйымның қолымен мөрімен расталуы қажет, ал электрондық нұсқада болса-жауапты қызметкердің ЭЦҚ-сы мен куәландырылуы  тиіс.
«Жыл басынан бері Жамбыл облысында 7 671 туу туралы куәлік берілді. Тіркеулердің ең көп саны Тараз қаласына тиесілі – мұнда 3 332 туу туралы куәлік рәсімделді. Одан кейін 1 124 куәлік берілген Қордай ауданы және 553 туу тіркелген Байзақ ауданы орналасқан», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.
Филиалда атап өткендей, 2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша туу фактісін тіркеуге берілген өтініштердің 80 пайыздан астамы онлайн форматта рәсімделген. Бұл мемлекеттік қызметтерді алудың цифрлық арналарына халық сұранысының тұрақты екенін көрсетеді.
Еске салайық, туу туралы куәлікті алу үшін баланың тууын тіркеуге өтініш беру қажет. Мұны SMS-хабарламалар арқылы проактивті форматта, электрондық үкімет порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы онлайн, сондай-ақ ХҚКО-ға жүгіну арқылы жүзеге асыруға болады.

 

СВИДЕТЕЛЬСТВО О РОЖДЕНИИ НОВОРОЖДЕННОГО:
КАК ОФОРМИТЬ ПЕРВЫЙ ДОКУМЕНТ РЕБЁНКА

Рождение ребенка — важное событие для каждой семьи. Сегодня оформить свидетельство о рождении новорожденного можно быстро и удобно как онлайн, так и при личном обращении. Об этом рассказали в филиале Государственной корпорации «Правительство для граждан» по Жамбылской области.
Согласно  действующему законодательству,  в Казахстане рождение ребенка необходимо зарегистрировать в течение трех рабочих дней. Подать заявление родители могут в любой орган регистрации актов гражданского состояния по своему выбору.
Основанием для регистрации является медицинское свидетельство о рождении либо копия вступившего в законную силу решения суда об установлении факта рождения. Медицинское свидетельство должно содержать сведения о матери, а также данные о ребенке: фамилию, имя, дату рождения, пол и дату выдачи документа. Если свидетельство оформлено на бумажном носителе, оно должно быть заверено подписью и печатью медицинской организации. В случае оформления в электронном формате документ удостоверяется электронной цифровой подписью ответственного сотрудника.
«С начала текущего года в Жамбылской области выдано 7 671 свидетельство о рождении. Наибольшее количество регистраций приходится на город Тараз — здесь выдано 3 332 свидетельства. Далее следуют Кордайский район, где оформлено 1 124 свидетельства, и Байзакский район, где зарегистрировано 553 рождения», — отметил директор филиала Государственной корпорации «Правительство для граждан» по Жамбылской области Батырхан Токтагул.
В филиале добавили, что по итогам пяти месяцев 2026 года свыше 80% заявлений на регистрацию рождения было подано в онлайн-формате, что подтверждает устойчивый спрос населения на цифровые каналы получения государственных услуг.
Напомним, что для получения свидетельства о рождении необходимо подать заявление о регистрации рождения ребенка. Сделать это можно в проактивном формате посредством SMS-сообщений, онлайн через портал электронного правительства или мобильные приложения, а также обратившись в ЦОН.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін401
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3130
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63879
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109689

Серіктестер