Онлайн газет



ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Күннің ысуымен бірге өрт қауіптілігі де арта түседі. Тілсіз жаудан сақтану- ортақ міндет.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан  аумағында орналасқан «Алди и К» ЖШС тұрмыстық қалдықтарды өңдеу полигонында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында полигон қызметкерлеріне өрттің алдын алу шаралары, өрт шыққан жағдайда алғашқы іс-қимыл тәртібі, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану және олардың жарамдылығын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар, қоқыс полигоны аумағын құрғақ шөптер мен жанғыш қалдықтардан уақтылы тазалау, арнайы техникалардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және тәулік бойы бақылауды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.
Түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертіліп, профилактикалық жадынамалар таратылды.

Байзақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін307
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3036
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63785
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109595

Серіктестер