Онлайн газет



ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЦИФРЛЫҚ ДӘУІР ТАЛАБЫ

Өткен аптада ауданымыздағы №7 мектептің мәжіліс залында «Цифрлық тәуекелдер жағдайында жеке қаржыны басқару және оны қорғау» тақырыбында аудандық форум өтті. Маңызды басқосуда қаржылық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу, азаматтардың цифрлық ортадағы қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жеке қаражатты тиімді басқару мәселелері кеңінен талқыланды.
Форумға мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, құқық қорғау саласының, білім беру мекемелерінің өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, кәсіпкерлер мен қаржылық сауаттылыққа қызығушылық танытқан тұрғындар қатысты.
Іс-шараны «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева жүргізді.
Жиында сөз алған мамандар қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі – қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарына тоқталды. «Қарызсыз қоғам» жобасының өңірлік үйлестірушісі, қаржы заңгері Алтынай Молдашева жобаның халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастырудағы маңызына назар аударып, қарыздық тәуелділіктің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ал «Отбасы Банк» АҚ өкілі Айнур Алимханова онлайн-банкинг жүйесіндегі қауіпсіздік шаралары, жеке деректерді қорғау және клиенттердің қаржысын сақтау тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі Жағыпар Истаев соңғы уақытта жиілеген интернет-алаяқтық түрлері мен қаржылық қылмыстардың құқықтық салдары туралы түсіндіріп, сақтық шараларын күшейту қажеттігіне басымдық берді.


Форум барысында қаржылық қауіпсіздіктің психологиялық қырлары да назардан тыс қалған жоқ. Психология ғылымдарының кандидаты Шолпан Турдалиева алаяқтардың айла-тәсілдеріне қарсы тұру үшін азаматтардың психологиялық дайындығы мен сыни ойлау қабілетін дамыту маңызды екенін айтты.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Ашық мінбе» алаңында тұрғындар өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар қаржылық қиындықтарды еңсеруде «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында алған білім мен кеңестердің тиімділігін атап өтіп, отбасылық бюджетті дұрыс жоспарлаудың нәтижесінде қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізгендерін жеткізді.
Форум қорытындысында қатысушылар цифрлық технологиялар қарқынды дамыған кезеңде қаржылық сауаттылық пен сақтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ азаматтарды қаржылық білімдерін үздіксіз жетілдіруге, алаяқтық әрекеттерге қарсы қырағылық танытуға шақырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаржылық сауаттылық – әр азаматтың әл-ауқатын арттыратын маңызды құрал» деген болатын. Сондықтан қоғамда қаржылық мәдениетті қалыптастыру мен цифрлық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы мұндай бастамалардың маңызы арта бермек.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 09.06.2026 12:44
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін387
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3116
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63865
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109675

Серіктестер