Онлайн газет



ТАЗАЛЫҚТЫ ӨЗІҢНЕН БАСТА

Тазалық – әр адамның мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы. Бүгінде қоршаған ортаның тазалығы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Әсіресе ауыл-аймақтарда қоқыс мәселесі жиі кездеседі. Бұл жағдай Сарыкемер ауылында да байқалады.
Мен Сарыкемер ауылында тұрамын. Күн сайын оқу үшін қалаға барып-келемін. Жол бойында және ауыл көшелерінде шашылып жатқан қоқыстарды жиі көремін. Кейде қоқыс жәшіктерінің маңына тасталған қалдықтар желмен ұшып, айналаны ластап жатады. Мұндай көрініс ауыл тұрғындарына да, сырттан келген қонақтарға да жақсы әсер қалдырмайды. Өзім туған ауылымның таза әрі көрікті болғанын қалаймын. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау әрқайсымыздың міндетіміз деп ойлаймын.
Көшелерде, жол жиектерінде және демалыс орындарында шашылып жатқан қоқыстар ауылдың көркін бұзып қана қоймай, табиғатқа да зиянын тигізеді. Кейде «Неге біз тазаламаймыз?» деген сұрақ туындайды. Оның басты себебі – кейбір адамдардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігінің төмендігі. Тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір тұрғынның міндеті екенін ұмытпауымыз керек. 
Қоқысты кез келген жерге тастау оңай, ал оны жинап, қоршаған ортаны таза ұстау үлкен жауапкершілікті талап етеді. Әсіресе жастар бұл мәселеге бейжай қарамауы тиіс. Өйткені болашақтың иесі – жастар. Егер жастар тазалық мәдениетін сақтап, өзгелерге үлгі болса, ауылымыз да, еліміз де көркейе түседі.
Жер – ана барлық ауыртпалықты көтереді, адамзатты асырайды, бірақ ешқашан шағымданбайды; бұл – кеңпейілділік пен төзімділіктің нышаны. Ал су-барлық кірді шайып, өзінен өткізіп, тазартып жіберетін қуат көзі. Денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін жақсы білеміз. Тазалық үлкен істерден емес, қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқысты арнайы орынға тастау, сенбіліктерге қатысу, табиғатты аялау – әр азаматтың борышы. Сондықтан тазалықты өзгеден талап етпей, алдымен өзімізден бастайық. Сонда ғана айналамыз таза, өміріміз жайлы болады.

Жансұлу Болекова,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 1-курс студенті.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін392
mod_vvisit_counterКеше2729
mod_vvisit_counterОсы аптада3121
mod_vvisit_counterӨткен аптада48670
mod_vvisit_counterОсы айда63870
mod_vvisit_counterӨткен айда69492
mod_vvisit_counterБәрі4109680

Серіктестер