Онлайн газет



ДАРЫНДЫ ЖАСТАРМЕН АШЫҚ ПІКІР АЛАҢЫ

Аудан әкімі Олжас Баққараевтың қатысуымен дарынды оқушыларға арналған «OPEN TALK» атты еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.
Тағылымдық мәні зор басқосу Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты-жастардың білім мен шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру, олардың тың идеялары мен бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Мектепке келген қонақтар алдымен оқушылардың өз қолдарымен жасаған туындылары және түрлі жобаларымен танысты. Жас өнертапқыштардың еңбегі мен шығармашылық ізденістері көпшілік назарын аударды.
Кездесудің ерекше бөлімдерінің бірі-«1 МИНУТ-1 ИДЕЯ» жобалар таныстырылымы болды. Бұл алаңда оқушылар өздерінің тың бастамаларын қысқа уақыт ішінде таныстырып, олардың маңыздылығын баяндады.
№1 мектеп-гимназиясының оқушысы Оразбай Ферангиз «Гидропоника-өсімдіктерді топырақсыз өсіру әдісі» жобасын ұсынып, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігіне тоқталды. Ал Көркемсурет балалар мектебінің 6-сынып оқушысы Айкүміс Рашид «ART Doll-шығармашылық шеберханасы» жобасын таныстырып, ұлттық өнер мен шығармашылық бағытындағы еңбектерін ортаға салды.
Кездесу ашық диалог форматында өрбіп, оқушылар аудан әкіміне көкейлеріндегі сауалдарын еркін қойды. Жастар әсіресе жетістікке жету жолдары, бала кездегі армандары мен өмірлік ұстанымдары, алдағы мақсаттары туралы сұрап, тұщымды жауаптар алды.
Олжас Елебекұлы өз сөзінде әр жетістіктің артында табандылық пен үздіксіз еңбек жататынын атап өтті. Сонымен қатар жастарға бос уақытты тиімді пайдаланудың маңызын айтып, қазіргі таңда әлеуметтік желілерге шектен тыс тәуелді болудың зиянына тоқталды. Ол уақытты пайдасыз дүниелерге жұмсамай, оның орнына спортпен шұғылданып, кітап оқып, өздеріне ұнайтын хоббимен айналысу тұлғалық дамуға жол ашатынын жеткізді. Сондай-ақ алға нақты мақсат қойып, соған жету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Жиын барысында шығармашылық қабілетімен ерекшеленген оқушылар да өнер көрсетіп, шараның мазмұнын толықтыра түсті.
Кездесу соңында аудан әкімі Олжас Елебекұлы дарынды оқушылар мен олардың жетекшілерін марапаттап, жастардың жетістіктеріне әрдайым қолдау көрсетілетінін айтты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, дарынды әрі білімді жастар – еліміздің жарқын болашағы мен дамуының басты күші.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 02.06.2026 11:02
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1140
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1140
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12887
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990979

Серіктестер