Онлайн газет



ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ

31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай аудан орталығындағы ескерткіш маңында жиын өтті.
Жиында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев бұл күн қайғылы кезеңдерде зардап шеккендердің рухына тағзым ету-перзенттік борышымыз екендігін айтып, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр құжат арқылы өнегелі тәрбие беру, тарихи құндылықтарымызды бағалай білу, оған жету жолында құрбан болған ардақтыларымыздың ерлігін ұмытпау және әркез ұлықтау қажеттігін жеткізді. Ауданның Құрметті азаматы, ақын Қасқырбай Нарбатыр “Қазақ қасіреті” атты өлеңін оқыды.
Жиын барысында ауданның бас имамы Қанат Жұмағұл боздақтардың рухына құран бағыштады.
Бұдан кейін жиналғандар Қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қасіретті кезеңде өмірі қиылған ерлердің рухына тағзым етті.

Жандәулет Сұлтан,
Жансұлу БОЛЕКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 1-курс студенттері.

Обновлено 02.06.2026 10:59
 

Халыққа жолдау

 

 

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6133
mod_vvisit_counterКеше9433
mod_vvisit_counterОсы аптада21655
mod_vvisit_counterӨткен аптада23896
mod_vvisit_counterОсы айда36162
mod_vvisit_counterӨткен айда106969
mod_vvisit_counterБәрі4398320

Серіктестер