Онлайн газет



ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ЖАРҚЫН МЕРЕКЕ

Ауданымыздағы Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өтті. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйіне бөленген бұл күн шынайы қуаныш пен мейірімнің мерекесіне айналды.
Балалар – ел болашағы, ұлттың ертеңі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі», – деген сөзі осы мерекенің маңызын айқындай түседі.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі Олжас Баққараев көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, жас ұрпаққа жүрекжарды тілегін арнады. Ол өз сөзінде балалардың бақытты әрі қауіпсіз ортада өсіп-жетілуі – қоғамның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жас буынның білімге ұмтылып, бос уақытын тиімді пайдаланып, ел дамуына үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді. Жазғы демалыстың басталуымен қатар келген мерекенің балалар үшін ерекше кезең екенін айтып, олардың әр күні қуаныш пен жарқын әсерге толы болуына тілектестік білдірді.


Шара одан әрі мазмұнды концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Аудан аумағындағы түрлі өнер мектептерінің тәрбиеленушілері ән шырқап, би билеп, шығармашылық қабілеттерін көпшілік назарына ұсынды. Өнерлі өрендердің сахнадағы жарқын өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік көңіл күйді еселей түсті.
Мерекелік бағдарламамен қатар саябақ аумағында ұлттық және зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, асық ату, шекемтас, шахмат, эстафеталық жарыстар мен асфальтқа сурет салу секілді түрлі ойындар өткізіліп, бүлдіршіндердің белсенділігі мен қызығушылығын арттырды. Балалар ойын алаңдарында өзара бақ сынап, көл-көсір қуаныш сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды.
Шара соңында асфальтқа сурет салу байқауының қорытындысы жарияланып, аудандық білім бөлімінің атынан үздік өнер көрсеткен бүлдіршіндер марапатталды. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, олардың шығармашылық талпыныстары жоғары бағаланды.
«Бақытты балалық шақ» мерекесі балаларға шаттық сыйлап қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасаудың, балалық шақтың қадірін арттырудың маңызды екенін тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Жанерке ӘЛТЕН,
«Ауыл жаңалығы».
Сымбат БАУЫРЖАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 1-курс студенті.

Обновлено 02.06.2026 10:58
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1112
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1112
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12859
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990951

Серіктестер