Онлайн газет



РӘМІЗДЕРДІ ҚҰРМЕТ ТҰТУ - ОРТАҚ МІНДЕТ

Өткен аптада аудан  әкімі Олжас Баққараевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Әжібаев баяндама жасап, аудан көлемінде Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарының сақталуы және насихаттау жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.
-Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да рәміздерді қастерлеу-баршаға ортақ парыз.
Жалпы ауданда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері орналастырылуы міндетті 176 мемлекеттік мекеме бар (аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат және ауылдық округтер әкімдері аппараттары – 19; аудан әкімдігінің бөлімдері – 11; білім беру ұйымдары – 71; басқа да мемлекеттік мекемелер – 75).
Мемлекеттік мекемелердің ғимарат сыртында орналастырылған мемлекеттік Ту саны – 176, басшылардың кабинетінде 86 дана, мектептердің оқшауланған орындарында 32 дана, жалпы 294 дана Ту орналастырылған. Мемлекеттік мекемелерде орналастырылған мемлекеттік Елтаңбалар саны – 500.
Аудандағы мемлекеттік рәміздерге қатысты Заңнамалық талаптардың сақталуы бойынша тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізіліп отырады. 2026 жылы Мемлекеттік рәміздердің орналастырылуы және пайдаланудың заң талаптарына сәйкестігін анықтау  мақсатында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы тарапынан 2 рет және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі тарапынан 3 рет зерделеу жұмыстары жүргізілді.
- Ағымдағы жылдың 13-21 мамыр аралығында ауылдық округтер аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер, аудандағы бөлімдер мен мекемелерде орналасқан Мемлекеттік рәміздердің жай-күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілген болатын. Зерделеу жұмыстары барысында анықталған бірқатар кемшіліктер  орнына келтірілді,- деді Айбек Итқараұлы.
Мұнан кейін “Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы” аталған бөлім  басшысы Сәкен Сыздықов  хабарлама жасады. Әрмен қарай Бурыл ауылдық округінің әкімі Ерлан Әшірбеков пен Сарыкемер ауылдық округі әкімінің орынбасары Қанат Телеуов  округ бойынша атқарылған жұмыстардан ақпарат берді.
Отырысқа қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, Мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру және оларды заң талаптарына сай пайдалану мәселелері айтылды.
Комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі Олжас Елебекұлы Мемлекеттік рәміздерді қолдану барысында заң талаптарының қатаң сақталуын басты назарда ұстау қажеттігін айтып, тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 02.06.2026 10:55
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1086
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1086
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12833
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990925

Серіктестер