Онлайн газет



ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШ

- Әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Өйткені әскер - ел қорғаны, мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан әскерді нағыз өмір мектебі деп айтуға болады,-дейді түймекенттік Алдияр Әбен.
Ол 2007 жылдың 5-ші наурызында дүниеге келген. Түймекент орта мектебінің 9-сыныбын тәмамдап, 2022 жылы №3 Байзақ колледжіне түсіп, “Автомобиль көлігіне қызмет көрсету,  жөндеу және пайдалану” мамандығы бойынша білім алған. Кейін Алматы облысы,  Сарыөзек ауылындағы 29108 әскери бөлімінде борышын абыроймен атқарған. Тәртіп, төзімділік және жауапкершілік сынды қасиеттерді бойына сіңірген азамат Отан алдындағы борышын адал, мінсіз атқарып келді.
Қазіргі кезде кейбір жастар әскерге баруға құлықсыздық танытады. Алайда әскери қызмет адамды шыңдап, қиындықтарды жеңуге үйретеді. «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ-деп ер қайратыңа міндағы, өрге бас»,-деп белгілі жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, әскери қызмет барысында Алдияр Мударұлы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын терең түсінді. Ол күнделікті әскери дайындықтарға қатысып, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы шыдамдылық пен табандылық қасиеттерін дамытты. Әскерде жүріп жаңа достар тауып, ұжымдық бірліктің қадірін білді. Мұндай қасиеттер әскери қызметтен кейін де адамның өмірінде үлкен пайдасын тигізеді. Сондықтан әскердегі борышын өтеген ер-азаматтар қоғамда белсенді, еңбекқор және тәртіпті тұлға болып қалыптасады.
- Әскер – ер азаматтарды шыңдайтын, олардың бойына патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін қалыптастыратын маңызды өмір мектебі,-деді бізбен әңгімесінде Алдияр Әбен.
Отанға қызмет – ерге міндет, әрі үлкен мәртебе деп санайтын осындай Алдиярдай жігіттеріміздің қатары көп болсын.

Сымбат БАУЫРЖАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
1-курс студенті.

Обновлено 02.06.2026 10:48
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1086
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1086
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12833
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990925

Серіктестер