Онлайн газет



ЖАСТАР ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі-жастар арасындағы нашақорлық. Есірткіге тәуелділік адам денсаулығына ғана емес, оның болашағына, отбасы мен қоғамға үлкен зиян келтіреді. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар зиянды әрекеттерге тез еліктейтін болғандықтан, бұл мәселенің алдын алу аса маңызды.
Нашақорлықтың негізгі себептеріне қызығушылық, жаман ортаға еру, бос уақыттың көп болуы, отбасындағы тәрбиенің әлсіздігі және психологиялық қиындықтар жатады. Кейбір жастар қиындықтан қашу немесе өзін өзгелерге дәлелдеу мақсатында зиянды заттарға әуестенеді. Алайда оның соңы ауыр дертке, қылмысқа және өмірдің бұзылуына алып келеді. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу үшін ең алдымен дұрыс тәрбие қажет. Отбасы – баланың ең алғашқы тәрбиелік ортасы. Ата-ана баласына көңіл бөліп, оның кіммен араласатынын, қандай ортада жүргенін бақылап отыруы тиіс. Сонымен қатар, мектеп пен жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттайтын кездесулер, тренингтер және түсіндіру жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуы қажет. Спортпен айналысу, өнер мен білімге қызығушылық таныту да жастарды жаман әдеттен сақтайды. Бос уақытын тиімді өткізген жас зиянды әрекеттерге бармайды. Сондықтан жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени шараларды көбейту маңызды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен интернеттің де әсері зор. Сол себепті жастарға дұрыс ақпарат беріп, зиянды әдеттердің салдарын түсіндіру қажет. Қоғам болып бірігіп әрекет еткенде ғана нашақорлықтың алдын алуға болады.
Нашақорлық - ұлт  болашағына қауіп төндіретін үлкен мәселе. Онымен күресу әр адамның міндеті. Саналы, білімді және дені сау ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана жарқын болашаққа қадам жасай аламыз.

Ардақ Жүнісов,
Ынтымақ ауылдық округі әкімі аппаратының  әскери есеп бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1086
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1086
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12833
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990925

Серіктестер