Онлайн газет



ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДА

Аудан бойынша пробация қызметінен биылғы жылы 12 хабарлама келіп түсті. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Әлеуметтік кодексі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы №1050 қаулысының Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, тұрақты жұмыс және жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларды (ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыстар, күміс жас, жастар тәжірибесі, алғашқы жұмыс орындарына, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, бастау-бизнес, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар), сондай-ақ табысы аз отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Бүгінгі күнге Пробация қызметінде тіркелген 12 азаматтың ішінен жұмыспен қамту мәселесі бойынша тарқатып айтатын болсақ:
-2 азамат ақылы қоғамдық жұмыс орнына жолдама алып, жұмысқа жолданды. Олар Ғалымжан Тилепбаев Қостөбе ауылдық округіне, ал Дархан Абилкасымов аудандық архитектураға;
- 9 азамат атап айтқанда, жеке кәсіпкер «Ilias» Амат Асылбекұлы (Сарыкемер ауылдық округі); «Алиякбар» шаруа қожалығына Адил Мухажанов (Сарыкемер ауылдық округі); «Қасымжан» шаруа қожалығына Даукен Садықбай (Көкбастау ауылдық округі); ЖШС «Аулие-Ата Феникс» Думан Муратов (Сарыкемер ауылдық округі), ЖШС «Аулие-Ата Феникс» Нуржан Копбосынов  (Сарыкемер ауылдық округі); «Айдын» шаруа қожалығына Асанхан Жұманазаров (Сарыкемер ауылдық округі), «Байзақ Су» мекемесіне Қалжан Султанов (Үлгілі ауылдық округі); «Кенжебай –Ата» шаруа қожалығына Қыдырбай Алиев (Суханбаев ауылдық округі) тұрақты жұмыстарға жолданды. Ал Руслан Тлеубергенов (Сарыкемер ауылдық округі) болса ұсынылған жұмыстардан бас тартты.

Тимур СЕРИКБАЕВ,
Байзақ ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының Оқыту секторының  кәсіптік даярлау жөніндегі маманы.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1117
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1117
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12864
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990956

Серіктестер